Ма - Оңтүстік-шығыс Азиядағы халық.
Вьетнамның оңтүстігінде (Ламдонг, Донгнай провинциялары). Жалпы саны 25 мың адам.
Тілі Тілі мен мәдениеті жағынан олар сре, мнонг және стиенгке жақын. Олар ма тілінде сөйлейді. Этнографиялық топтар: тьо ма, тьо шоп, тьо жо, тьо то.
Діні Дәстүрлі анимистік нанымдарды ұстанады.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, мақта, темекі, түйнек, банан), терушілік және аңшылық. Қолөнерден тоқымашылық, өру, ұсталық өнері дамыған.
Өмір салты Патрилинейлік туыстық топтар (нао немесе тум кна), көп балалы отбасылар бар. Неке негізінен патрилокальды, уақытша некелік салт-дәстүрлер, әйелдің құнын төлеу, левираттық, сорораттық және немере туыстарының некесі кең таралған.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендер – 3-4 үйден тұрады (мұндай ғимараттардың ұзындығы 100 м жетуі мүмкін). Тұрғын үйлердің екі түрі бар: қадаға орналасқан және жерде. Қадалы үйлердің төбесі төбесі сабанмен жабылған. Мұндай тұрғын үйлердің қабырғалары мен едендері жарылған бамбуктан жасалады.
Дәстүрлі киімдері Ерлер киімі – жиектері кестемен және шашақтармен безендірілген жеңсіз қысқа көйлек. Әйелдер ұзын белдемше мен жемпір киеді. Қолдар мен аяқтардағы көптеген білезіктер, піл сүйегінен сырғалар тағады. Тістерді қаралау дәстүрі сақталған.
Дәстүрлі тағамдары Дәстүрлі тағамдары – күріш, көкөніс, кейде балық. Мереке күндері ет жейді. Негізгі сусын - күріш сырасы.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Вьетнам халықтары