Маронене (моронене, кабаенас) — Индонезия халықтарының бірі (Кабаена аралы, Сулавеси аралының оңтүстік-шығысында). Жалпы саны 41 мың адам.

Тілі Тілі- маронене тілі.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, саго пальмалары), аң аулау (бұғы мен буйвол), Джунглиде терушілік (даммар шайыры мен балауыз). Кілемшелер мен себеттерді тоқу дамыған (олардың бір бөлігі сатылымға шығады).

Өмір салты Отбасы неолокалдық. Күйеу жігіт қалыңдыққа 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс істейді.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, қадаларға орналасқан ағаштан, бамбуктан және нипа пальмасының жапырақтарынан жасалған, төбесі шатырлы.

Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі мен саронг, әйелдердікі – өсімдік талшығынан немесе пальма жапырақтары мен қайыңнан тігілген қысқа белдемше.

Дәстүрлі тағамдары Тағамдары – көкөністер.

Дереккөздер

Санат:Индонезия этникалық топтары