Қоһир Расулзада (, туған аты-жөні — Әбдуқоһир Әбдурасулұлы Назиров, , 8 наурыз 1961, Ғафур ауданы, Ленинабад облысы) — тәжікстандық мемлекеттік қайраткер, саясаткер, әрі ТХДП мүшесі және 2013 жылдан бері Тәжікстан премьер-министрі.

Өмірбаяны thumb|left|Қоһир Расулзода мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди (сол жақта), 2015 солға|нобай|Расулзода Владимир Путинмен, Тәжікстан әуежайы, 2017 солға|нобай|Қоһир Расулзода (сол жақта) мен Татарстан президенті Рүстем Миңнеханов (оң жақта), Татарстан, Ресей, 2021 Жастығы және білімі Абдуқоһир Абдурасулұлы Назиров 1961 жылғы 8 наурызда, Ленинабад облысы, Ғафур ауданы, Кистакуз қыстауында (қазіргі Соғды облысы, Хистеварз джамоаты) дүниеге келді.

1982 жылы ол Тәжікстан ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Тәжік аграрлық университеті) инженер-гидротехник мамандығы бойынша білім алды. Кейінірек ол Ғафур ауданы, Хожант қаласында орналасқан «Тәжікирсовхозстрой» бірлестігінің құрылыс зертханасының техник-бақылаушысы болып еңбек жолын бастады.

Бұдан кейін Назиров өндірістік бөлімшеде инженер, бас инженер, ПМК-4 бастығы, «Тәжікирсовхозстрой» кәсіпорнының бастығы қызметтерін атқарды.

Абдуқоһир Назиров 2000 жылғы қаңтардан 2006 жылғы желтоқсанға дейін Тәжікстан Республикасының Мелиорация және су шаруашылығы министрі қызметін атқарған.

2008 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, техника ғылымдарының кандидаты лауазымына ие болды.

Тәжікстан президентінің 2006 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығымен Соғды облысы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 27 ақпан күні лауазымды ресми түрде алады да, төрағалығын 2013 жылғы 23 қарашаға дейін жалғастырды.

2007 жылғы наурызда Абдуқоһир Абдурасулұлы Назиров құжаттағы есімін Қоһир Расулзода деп ауыстырды.

Саяси мансабы 2007 жылғы желтоқсанда және 2010 жылғы сәуірде екінші рет Тәжікстан Жоғарғы Жиналысының (Маджлиси милли) Ұлттық кеңесі (Маджлиси Оли) төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.

2013 жылғы 23 қарашада Қоһир Расулзада Тәжікстан премьер-министрі болып тағайындалды.Кохир Расулзода (персональная справка) online.zakon.kz.

Жеке өмірі Қоһир Расулзода үйленген, үш баласы бар. Тәжік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Марапаттары Қоһир Расулзоданың марапаттары тізімі:Биография премьер-министра Таджикистана Кохира Расулзады tj.sputniknews.ru. 20 наурыз 2019. Тәжікстанның Еңбек сіңірген қайраткері ТМД Қорғанысқа жәрдемдесу қоғамы (ҚҚҚ) ұйымының «Үздік қызметі үшін» ордені, 2009 «Фидокорона қизматлари учун» ордені, Өзбекстан, 2018 Құрмет ордені (Ресей, 30 желтоқсан 2022) — Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы арасындағы әріптестік пен достықтың дамуына қалдырған зор үлесі үшін

Дереккөздер

Санат:Гидротехниктер Санат:Тәжікстан саясаткерлері Санат:Тәжікстан министрлері Санат:Тәжікстан премьер-министрлері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары Санат:Соғды облысы тұлғалары