Маһмадтоир Зоир Зокирзода () — тәжікстандық саяси және мемлекеттік қайраткер, 2020 жылдан 2025 жылға дейін Тәжікстан Өкілдер палатасының төрағасы және 2016 жылдан 2020 жылға дейін Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары.

Өмірбаяны Маһмадтоир Зокирзода 1956 жылғы 5 шілдеде Рашт ауданында дүниеге келіп, 1985 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білім алды.

Зокирзода еңбек жолын «Таджикгипрозем» жобалау институтында инженер, және кейінірек бас инженер болып бастаған. Келесі жылдары түрлі қызметтерде болады, соның ішінде: Тәжікстан Министрлер Кеңесі Іс басқармасының агроөнеркәсіп кешені бөлімінің төрағасы; Тәжікстан Президенті Әкімшілігінің агроөнеркәсіп кешенінің бас маманы; Тәжікстан Үкіметі жанындағы «Таджиккосмос» Ұлттық ғарыш, геодезиялық және картографиялық агенттігінің бас директоры; Үкімет жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы; Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жер ресурстарын басқару, геодезия және картография агенттігінің директоры болды.

2010–2015 жылдары ол Тәжікстан Жер ресурстарын басқару және геодезия жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2016–2020 жылдары аралығында ол Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары болған.

2020 жылғы 17 наурызда ол Тәжікстан Өкілдер палатасының төрағасы болып сайланды.

Марапаттары «Хизмати шоиста» медалі және мерейтойлық медаль, Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығының мерейтойлық медалі.

Дереккөздер

Санат:Тәжікстан саясаткерлері