«Тағзым» мемориалы — Алматыдағы көп сатылы сәулет кешені. Республика алаңында Сәтпаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан. Мемориал Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған.

Ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді. Ақшыл сұр бөлігі еңсеруді, қара түс қаңтар оқиғасы кезіндегі дүрбелең мен үрейді бейнелейді, ал сұр бөлігі – құрбан болғандар мен адам шығынының символы, ақ түс тұрақтылық пен дамуға ұмтылуды, қоғамның әл-ауқатын, ұлттың өзін-өзі тануын, күш пен әділетті мемлекетке деген сенімді білдіреді. Әр бөлікте қазақ халқының ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған тастар мен стеллалар орнатылған.

Дереккөздер

Санат:Алматы ескерткіштері