Сарымсақты – Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы шығанақ.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан. Шығанақ құрлыққа шамамен 5 км-дей сұғына еніп жатыр. Көлге қараған енді жері 5 км-дей. Жағалау бойы жазық, шығысында қамыс өскен батпақты жер кездеседі. Шығанақтың батысында Майқамыс шығанағы жатыр. Жағалау бойында изен, қияқ, бұйырғын жусан, ши, т.б. шөптесіндер өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы географиясы Санат:Балқаш көлі шығанақтары