Саты асуы – Күнгей Алатау жотасының шығыс бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
Жер бедері Биіктігі 3258 м. Асу арқылы Шілік өзені бойындағы Саты елді мекенінен Ыстықкөл қазаншұңқырының шығысындағы Түпелді мекеніне дейін соқпақ жол өтеді. Асумен мамыр–қыркүйек айлары аралығында салт атты адам өте алады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы асулары Санат:Қырғызстан асулары Санат:Күнгей Алатау