Аюсай — Қаскелең алабындағы өзен. Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы. Сипаттамасы Алматы қаласы аумағымен ағады. Аңғары Іле-Алатауы ұлттық паркі аймағында. Ұзындығы 7 км. Тау арасымен аққандықтан, өзен бойында бірнеше шағын сарқырамалар барhttps://tengrinews.kz/travel/vodopadyi-ayusay-peshiy-pohod-v-zagadochnoe-medveje-uschele-443865/. Ең үлкені алты метр биіктіктен құлайды. Бұл сарқырамаларға жаз мезгілінде ғана баруға болады. Атауы Өзен жағалауынан Тянь-Шань ақ аюы байқалғандықтан, осылай аталады. 1970 жылдары бұл жерден Қар барысы да байқалған.

Дереккөздер

Санат:Алматы өзендері