thumb|right|Хамза Хакимзада Ниязи бейнеленген кеңестік пошта маркасы, 1964
Хамза Хакизада Ниязи (; 6 наурыз 1889 жыл, Қоқан – 18 наурыз 1929 жыл, Шахимардан) — ұлты өзбек болған кеңестік жазушы, композитор, драматург, педагог және саяси активист. Ниязи Ғафур Ғұламмен бірге қазіргі өзбек әдебиетінің даму тарихындағы жетекші тұлғалардың бірі ретінде кеңінен танымал.
КСРО заманында Хамза Хакизада Ниязи атымен көптеген объектілер аталған: көшелер, мектептер, театрлар, Ферғана облысынданы қала (2012 жылдан бастап Тинчлик деп аталады) және т.б.. Алайда Өзбекстанның тәуелсіздігінен кейін көбісінің атаулары өзгертілген.
Өмірбаяны thumb|right|Хамза Хакимзада Ниязидің жас кезі
Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан қаласында 1889 жылы 7 наурыз күні дүниеге келді. Медреседе білім алғасын педагогикамен айналысады.
Хамзаның революцияға дейінгі негізгі шығармасы, өзбек және тәжік тілдерінде жазылған «Девон» поэмасы (1905–1914), оның қайтыс болғаннан кейін ғана жарық көрді. Ниязидің шығармаларында еркек пен әйел арасындағы және елдегі жалпы социалды теңсіздікке назар аударылатын.
Хамза Ниязи 1911 жылы, 23 жасында қажылықтан оралған.
Қазан төңкерісінен кейін Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан мен Ферғанада сабақ берді, Түркістан майданында Қызыл Армияға қызмет еткен көшпелі театр труппасын ұйымдастырды, Түрік майданы саяси бөлімінің қызметкері болып істеді. 1918 жылы өзбек совет драматургиясының тұңғыш шығармасы болған «Бай мен батрақ» пьесасын жасады және тұңғыш өзбек кеңестік театрын құрды. Оның бірнеше ондаған әндері бар. Өзбекстанның әр өңірінде халық әндерін жинап, ұлттық аспаптарда орындаған. Алайда Хамза Ниязидің барлық өлеңдері сақталмаған.
thumb|right|Хамза Хакимзада Ниязи бейнеленген кеңестік конверт
1926 жылы ол «Өзбек КСР Ұлттық Жазушысы» атағымен марапатталды. 1929 жылдың 18 наурызында, Шахимардан қаласында, Хамза Хакизада Ниязи қалың жұрт таспен атып өлтірілді.
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан жазушылары Санат:Өзбекстан музыканттары Санат:Өзбекстан мәдениет қайраткерлері Санат:Өзбекстан ғалымдары