Жайма ауылдық округі – Абай облысы Жарма ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Суықбұлақ кенттік әкімдігі құрамына енгізілді.Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Әкімшілік құрамы Құрамына Жайма ауылы кірді. Орталығы – Жайма ауылы болды. Округ құрамында болған Қорғанбай ауылы 2007 жылы таратылған.Шығыс Қазақстан облысы Жарма, Үржар, Бесқарағай, Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы

Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 463 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданының таратылған ауылдық округтері