Равиль Шәріпұлы Ходжаев (11 қыркүйек 1937 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) – экономока ғылымдарының докторы (1982), профессор (1983).

Өмірбаяны Қарағанды политехникалық институтын (1964, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. Қарағанды көмір институтында сектор меңгерушісі (1970–1976) Қарағанды политехникалық институтында кафедра меңгерушісі (1976–1987) қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері «Экологические проблемы повышения эффективности разработки угольных месторождений со сложными горногеологическими условиями» тақырыбында докторлық диссетация қорғады. Ғылыми еңбектері кен өндіретін кәсіпорындарда басқару мен жоспарлауды жетілдіру үшін табиғи факторларды болжау және есепке алу мәселелеріне арналған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:11 қыркүйекте туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Петропавлда туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды политехникалық институтының профессорлары