Төлеуғали Мұхамеджанұлы Тайтөлеев (1960 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы)https://akep-65.kz/director_blogy/ - Қазақстан футзал ассоциациясының президенті, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, Алматы энергетика колледжінің директоры Ассоциация футзала Казахстана спустя четыре года возобновила работу.
Өмірбаяны 1960 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысында (бұрынғы Семей облысы) Аягөз қаласында дүниеге келген.
1983 жылы Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Қазақ қатынас жолдар университетін транспорт эксплуатациясы мен қозғалысы, тасымалдауды ұйымдастыру магистрі. Техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Аягөз қаласы №5 орта мектебінің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде бастады.
1989-1996 жылдар аралығында Алматы машинақұрылыс техникумында оқытушы, бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
1996-2007 жылдары Алматы политехникалық колледжінде бөлім меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2007 жылдың маусымынан бастап Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры.
Қоғамдық жұмысы
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2017-2019)Тайтулеев Толеугали Мухамеджанович ; «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі; Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті; Қазақстан Республикасының NSL колледждерінің төрағасы; Алматы қалалық Мәслихатының депутаты; Қазақстан футзал ассоциациясының Президенті (2022-2023); Алматы қаласының футбол федерация басшысы.
Қазақстан футзал Ассоциациясы 2022 жылы Қазақстан футзал ассоциациясы Қазақстан футбол федерациясымен келісім-шарт жасасып футзалдан Қазақстан чемпионатын, Футзалдан Қазақстан кубогы мен Суперкубогын өткізу туралы келісімге келеді. Футзал Ассоциациясы 4 жылдан бері қызметін тоқтатқан болатын.
Дереккөздер