Айдай Қуанышбекқызы Исаева (19 сәуір 1989, Шымкент, Қазақ КСР) — Қазақстандық модель, «Шымкент аруы-2008», екінші Алматы вице-мисс 2013, «Қазақстан аруы-2013» сұлулық байқауының жеңімпазы, «Әлем аруы-2014» байқауының қатысушысы.

Өмірбаяны Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық гимназияны бітірген. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Кардиолог. Гольф, волейбол, теннис, гимнастика, сондай-ақ халықтық және бал билерімен айналысады. Ол ізгі ниет елшісі және «Универсиада — 2017» елшісі. Болашақта қазақ ою-өрнектерімен өзіндік этникалық киім үлгісін жасауды жоспарлап отыр.

2014 жылы Coca-Cola Novruz Kazakhstan жарнамасына түсті. Ұлы Жүздің Ысты руынан шыққан.

2017 жылы қазақстандық әнші Ғазизхан Шекербековтің «Көріктім» әніне түсірген бейнебаянына түсті.

2018 жылы қазақстандық әнші Луинаның «Hey Yo!» әніне түсірген бейнебаянына түсті.

2022 жылы ұлттық сұлулық байқауының президенті және «Қазақстан аруы» жобасының келбеті болып тағайындалды.

Жеке өмірі 2015 жылдың сәуір айында үш жыл бойы кездескен консалтингтік компанияның бас директоры және қайырымдылық қорының штаттан тыс президенті болып табылатын Мақсат Мамытханұлына тұрмысқа шықты. Алғашқы той Шымкентте өтті. Неке қию рәсімі 25 сәуірде Алматыдағы «Бақшасарай» салтанат сарайында өтті. Той көйлегі ретінде Айдай қазақстандық дизайнер Наил Байкүшіковтың киімін таңдады. Тойда Әлфина Насырова, Салтанат Бекжігітова, Әйгерім Үзембаева-Мырзагереева, Регина Вандышева және т.б. болды. Қыз жолдас болып «Әлем аруы-2014» байқауында танысып, дос болған «Ресей аруы-2014» — Юлия Алипова болды. 2015 жылы 6 қазанда Әл-Фараби есімді ұлды дүниеге әкелді.

2018 жылдың 29 қарашасында Алсу есімді қызды дүниеге әкелді.

Дереккөздер

Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан фотомоделдері Санат:Мисс Қазақстан Санат:Модельдер