Барақпай — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Барақпай ауылдық округі орталығы. Іргесі 1954 жылы қаланған.
Географиялық орны Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен497354 240 67,8 173 123 71,1 181 117 64,6
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, байланыс бөлімшесі, дүкендер бар. Шаруашылық субъектісі – «Азат» ЖШС-і. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Ең жақын темір жол стансасы – Атбасар (85 км).
Дереккөздер
Санат:Сандықтау ауданы елді мекендері