Қайым Мұхамеджанұлы Сымақов (; 15 қазан 1904, Тебеньково а, қазіргі Рязан обл. — 29 қыркүйек 1984, Ленинград) — Қазақ КСР саяси қайраткері. 1961-1968 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы. 1941 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.
Мансабы 1924 ж. — Ауылдық кеңестің уәкілі, ауылдық өзара көмек комитетінің төрағасы. 1934 ж. — Свердловск тау-кен институтын бітірді. 1934-1940 ж. — Шымкент қорғасын зауытының инженер-конструкторы, цех бастығы. 1940-1948 ж. — Лениногор қорғасын зауытының бас инженері, директоры (Шығыс Қазақстан облысы) 1948-1956 ж. — Шымкент қорғасын зауытының директоры. 1956-1957 ж. — Қазақ КСР Түсті металлургия министрінің 1-орынбасары. 1957-1961 ж. — Шығыс Қазақстан экономикалық әкімшілік ауданы халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы. 1961-03.1965 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 03-10.1965 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының 1-орынбасары. 10.1965-1968 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 10.1965-1967 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары (қосымша бір мезгілде) 1968 ж. — зейнеткерлікке шықты.
Марапаттары Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту орденінің 2 мәрте иегері Құрмет Белгісі ордені
Сілтеме Әшімбаев, Д. Р. Қазақстанда кімнің кім екені. Өмірбаяндық энциклопедия. — Алматы, 2008.
Санат:КОКП мүшелері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары