Сасықкөл – Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 352 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 8,4 км. Шарасында жыл бойы су болады. Көктем айларында шарасының аумағы ұлғайып 4,7 км2-ге жетеді жəне жағалауы 1,2 км-ге ұзарады. Көлдің ең терең жері 7,5 м, суының көлемі 3,6 млн. м3, су жиналатын алабы 60 км2. Қазаншұңқырда орналасқан көл жағалауы жарлауытты. Қар жəне жер асты суларымен толысады. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуір айының соңында ериді. Суында шортан, сазан, таутан, мөңке, т.б. балықтар бар. Алабының 30–40%-ы егістікке игерілген.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Шортанды ауданы көлдері