Сасықсор – Шідерті алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жəне Павлодар облысы Екібастұз қалалық əкімдігі аумағында, Бозшакөл темір жол айрығынан батыста 20 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 289 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,3 км2, ұзындығы 2,6 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. Дөңгелек пішінді көл ойлауытты жерде орналасқан. Шарасында жыл бойы су болады. Жағалауының басым бөлігі жазық əрі ашық. Негізінен жер асты жəне жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуірдің ортасында ериді. Алабының басым бөлігінде астық тұқымдас табиғи шөптесіндер өскен. Солтүстігінен Қарағанды – Ерейментау – Павлодар темір жолы өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы көлдері Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Екібастұз көлдері