Ащыбұлақ — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 18 шақырым.

Сипаттамасы

Географиясы Аққайнар ауылының солтүстігіндегі бұлақтардан бастау алады. Бастауының биіктігі — 977 метр. Солтүстікке қарай ағып, Алматы-Тараз тас жолынан өте бере Самсы өзеніне құядыRetromap.ru.

Қар жаңбыр суларымен толығады. Жаз, күз айларында тартылып қалады, сағасына үнемі жете бермейді. Арналары тар, жағалауы онша жайпауыт емес. Онға жуық саласы бар.

Жағасында бірнеше қыстаулар мен геодезиялық пункт орналасқан. Дереккөздер

Сілтемелер

Топографиялық карта: k-43-033

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Іле су алабы