Солтүстік Сарыбұлақ – Шұнақ тауларының оңтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кентінің оңтүстік-шығысында 73 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 651 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу тізбектелген шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары түгелдей дерлік жалаңаштанған. Оңтүстігінде Оңтүстік Сарыбұлақ тауы бар.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, жусан, кермек, көкпек, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары