нобай|Оңтүстік Кавказ елдерінің CPI көрсеткіштерінің дамуы Әзербайжандағы жемқорлық — Әзербайжандағы жемқорлық елдің ішкі экономикасына нұқсан келтіретін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Әзербайжанда жемқорлықтың пайда болуының негізгі алғышарттары билік пен капиталдың жақындығы, сонымен қатар билікте ұзақ мерзімді үкіметтің болуы болып табылады.
Transparency International ұйымының мәліметі бойынша, 2016 жылы Әзербайжан жемқорлыққа бейімділік рейтингінде 176 елдің ішінде 123-орынға ие болды.
Сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының бағалауы бойынша, 2017 жылы сауалнама жүргізілген 30 елдің ішінде Әзірбайжан ең үлкен көлеңкелі экономикасы бар ел болды - 67%.http://www.accaglobal.com/content/dam/ACCA_Global/Technical/Future/pi-shadow-economy.pdf Emerging from the shadows. The shadow economy to 2025] // ACCA report
Заң шығару және халықаралық ұйымдарға қатысу 2004 жылдың 1 ақпанында «Әзербайжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры» үкіметтік емес ұйымы құрылды.
2004 жылы Әзербайжан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық мемлекеттер тобына (GRECO) қосылды.Азербайджан присоединился к международной Группе государств по борьбе с коррупцией /Azerbaijan is a GRECO MemberGroup of States Against Corruption,GRECO //GRECO website
Осыдан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (2004 ж.) және «Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қаржы ресурстарын декларациялау тәртібі туралы» (2005 жыл) заңдар және басқа да бірқатар заңдар қабылданды. 2004–2006 жылдар аралығында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы болды, 2005 жылдан бастап Әзербайжан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы жұмыс істейді, ал 2007–2010 жылдары сыбайлас жемқорлықпен күресу және ашықтықты арттыру бойынша мемлекеттік стратегия жүзеге асырылды.
Дереккөздер
Санат:Әзербайжандағы жемқорлық Санат:Әзербайжандағы қылмыс Санат:Елдер бойынша жемқорлық