«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» — Қазақстанда шығарылған тұңғыш мультфильм.
Режиссёр мен сценарийші — Әмен Әбжанұлы Қайдаров. Ол Мәскеудегі киноинститутта оқып жатқанда өзінің ең алғашқы мультфильм сценарийін жазды.
1966 жылдың сәуір айында Әмен Қайдаров бастаған топ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты түрлі-түсті графикалық мультфильмді жасауға кірісті. 1967 жылдың тамыз айында ол жарыққа шықты.Қазақ мультфильмінің қарлығашы Әмен Қайдардың туындыларындағы бейнелеу кеңістігі мен кейіпкерлер
Мультфильм желісі қазақ халық ертегісіне негізделген.
Желісі «Бұлт шалған биік бастарын, таулардың жайлап тастарын айдаһар өмір сүріпті, патша боп көп жыл тұрыпты». Бірақ жылдардан жылдар өтіп, бұл жалмауыз құбыжықтың қайраты қайтады. Оның халін жақсартуға қу түлкі шақырылады, ол ем ретінде қанды қабылдау керек деп ұсынады. Қанды табу масаға тапсырылады. Ол ауылға ұшып келіп, бесіктегі нәрестенің қанын сорады да айдаһардың қамалына қайтпақшы болады. Болған сұмдықты естіп білген қарлығаш масаны іздеп жөнеледі, оның сазайын тартуға бел буады. Жүлделері 1968 жыл — Ленинградта өткен Бүкілодақтық кинофестивалінің премиясы 1975 жыл — Нью-Йоркте өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінің қола медаліВ Казахстане выпустили монету 500 тенге Почему у ласточки хвост рожками, которая имеет форму кинокадра нобай|солға|350px|Пошта маркасында Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Қазақфильм мультфильмдері