Түрікменстан байрағы () — Түрікменстанның басты рәміздерінің бірі, оның мемлекеттік туы. Тұңғыш рет 27 қыркүйек 1992 жылы қабылданып, Кеңестік тудың орнын алған бұл байрақтың өзгертілген, 2:3 пропорциясына салынған қазіргі нұсқасы 24 қаңтар 2001 жылы қабылданды. 18 мамыр күні Мемлекеттік ту және Конституция күні тойланады.
Сипаттамасы thumb|right|Флагштокқа ілінген түрікмен тулар тобы, Ахал уәлаяты Байрақтың басты түсі қою жасыл болып келеді, оның сол жағында жуан, әрі қызыл жолақ орналасқан. Жолақтың үстіндегі түрлі оюлар түрікмен халқының руларын білдіреді, олар үстінен астыға: Теке, Жәуміт, Сарык, Чавулдур және Әрсары рулары. Оюлар астында БҰҰ туындағыдай екі айқасқан зәйтүн бұтағы салынған. Қызыл жолақтың оң жағында ақ жарты ай мен 5 түрлі ақ жұлдыз бейнеленген, бұл бейнелер жиі Ислам және түркі символикасында табуға болады.
Тарихы
Дереккөздер
Санат:1992 жылдың тулары Санат:Мемлекеттік тулар Санат:Түрікменстан рәміздері