Дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп – интеллектiлiк қызметтiң әртүрлi түрлерiнде қабiлеттiң жоғары деңгейiн немесе жекелеген сабақтар (пәндер) бойынша ерекше дарындық көрсететiн балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған Қазақстан Республикасының орта жалпы бiлiм беретiн оқу орындары үлгiлерiнiң бiрi. Мектептер желісін Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы үйлестіреді. Ал қаржыландыру жергілікті атқарушы орган тарапынан жүзеге асады. Министрлікке тікелей қарайтын бір ғана мектеп бар. Ол Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат.

Арнаулы мектепке қабылдау конкурстық іріктеу арқылы жүргізіледі. Ал республикалық және аймақтық пәндік олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мектепке емтихансыз қабылданады. Қала сыртынан келген оқушылар жатақханамен, тамақпен, кей жағдайларда киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестатпен бірге меңгерген бейіні бойынша куәлік беріледі.

Оқыту Қазақстан Республикасының білім стандартына сәйкес әзірленген жеке оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. Мектеп оқу бағдарламаларында жаңа мазмұнды, әдістерді сынақтан өткізіп, шығармашылық зертхана қызметін де атқарады. Мектепті басқаруды Білім министрлігі тағайындаған директор жүзеге асырады. Педагогикалық құрамды да директор заңнамаға сәйкес қабылдайды.

Статистика Қазақстанда дарынды балаларға арналған 134 мамандандырылған мектеп жұмыс істейді (2022 жылғы 31 қазан күнгі Оқу-ағарту министрлігінің дерегі бойынша).

Бұл мектептерде 72 мыңнан астам оқушы білім алады, ал олармен 8 мыңнан астам педагог жұмыс істейді:

94 мектеп – жаратылыстану-математика бағыты; 6 мектеп – қоғамдық-гуманитарлық бағыт; 8 мектеп – көпсалалы; 5 мектеп – әскери-спорттық; 6 мектеп – музыкалық-эстетикалық бағыт.

Сонымен қатар:

134 мектептің 95-і интернатпен жабдықталған; 15 мектепке Абай Құнанбаевтың есімі берілген.

Тарихы

Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат 1957 жылы ауылдағы малшылардың балаларына арналған республикалық деңгейдегі мектеп-интернат болып ашылды.

1988 жылға дейін Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеулер институтының эксперименттік базасы ретінде жұмыс жасады. 1988 жылы Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат ретінде өз жұмысын одан әрі жалғастырды.

2003 жылы "Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат" деген атауға ие болып, оған Үкімет қаулысымен 2006 жылы Абайдың есімі берілді.

Тәуелсіздік жылдары 1990-жылдары Қазақстанда білім беру саласы түбегейлі реформаланды. Нарықтық экономикаға көшу, жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуы жастарды қолдаудың жаңа тетіктерін қажет етті. Осы тұрғыда мемлекет дарынды балалардың білім алуына және шығармашылық қабілетін дамытуына ерекше назар аударды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамыр N 3002 өкімі «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» сәйкес құрылған. Аталған құжатқа сәйкес Мамандандырылған мектептер туралы Ереже дайындалды. Онда дарынды балаларды анықтау, іріктеу, сондай-ақ білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету тетіктері белгіленді. «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынылды. Бағдарлама дарынды балаларды іздестірудің, тәрбиелеудің және оқытудың негізгі стратегиясын айқындады.

1997 жылдан бастап республикалық бюджет қаражатынан жоғары оқу орындарының жанынан және облыс орталықтарында мамандандырылған мектептер ашу, сондай-ақ дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған оқу орындарын дамыту көзделді. Сонымен қатар, мемлекет дарынды оқушыларды халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға, турнирлер мен спорттық жарыстарға даярлауды және олардың осы беделді шараларға қатысуын қамтамасыз етуді қаржыландыруды бастады.

2016 жылы жаңа үш мектеп Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісіне қосылды. Алматы маңындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейі, Астана қаласы әкімдігінің №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі және Атырау облысы білім басқармасының «Атырау облысының дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты».

Мақсаты мен міндеттері Арнаулы мектептің басты мақсаты – әрбір оқушының табиғи дарыны мен жеке ерекшелігін ашып, шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін мектеп келесі міндеттерді орындайды:

оқушылардың табиғи зияткерлік қабілеттерін жан-жақты дамыту; шығармашылық дарынын айқындап, оны жетілдіру; ғылым негіздеріне сүйенген тұрақты дүниетаным қалыптастыру; оқушыларды өздігінен білім алуға, ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу; тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Бағыттары музыкалық; көркемдік-эстетикалық; табиғи-математикалық; экономикалық; гуманитарлық; спорттық және өзге де салалар.

Мектептер желісі Ақмола облысы №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты — Астана → 7 сынып №1 «Білім-Инновация» лицей-мектеп-интернаты — Көкшетау → 7 сынып №4 «Болашақ» мамандандырылған мектеп-интернаты — Степногорск→ 7 сынып М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілді мектеп-гимназиясы — Көкшетау → 1 сынып №3 қазақ тілінде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты — Көкшетау → 6 сынып

Ақтөбе облысы №21 көптілді мектеп-гимназиясы — Ақтөбе → 1 сынып М. Құсайынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты — Ақтөбе → 5 сынып Физика-математика мамандандырылған мектеп-интернаты — Ақтөбе → 7 сынып «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Ақтөбе → 7 сынып

Алматы облысы №20 арнаулы лицейі — Талдықорған → 5 сынып Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» лицейі — Талдықорған → 5 сынып Ю. Гагарин атындағы №8 арнаулы гимназиясы — Талғар → 1 сынып Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы — Қарасай ауд., Алмалыбақ ау. → 1 сынып Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы — Жамбыл ауд., Қарғалы ау. → 1 сынып Ш. Смағұлов атындағы ФМБ мектеп-интернаты — Алматы → 7 сынып Спортқа бейімделген облыстық мамандандырылған мектеп-интернат — Талдықорған → 7 сынып Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі — Алматы → 7 сынып Талдықорған «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Талдықорған → 7 сынып А. Мәлкеев атындағы Есік «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Есік → 7 сынып

Атырау облысы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты — Атырау қ. → 7 сынып Атырау облысы дарынды балалар мектеп-интернаты — Атырау қ. → 5 сынып Н. Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы (интернаттық мамандандырылған мектеп) — Атырау қ. → 3 сынып Ұлттық дарынды балаларға арналған гимназия-интернат — Атырау қ. → 7 сынып Ж. Досмұхамбетов атындағы лицей-интернат — Атырау қ. → 7 сынып «Білім-Инновация» лицейі (интернатымен) — Атырау қ. → 7 сынып Жылыой лицей-интернаты — Құлсары қ. → 7 сынып

Шығыс Қазақстан облысы Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты — Өскемен қ. → 7 сынып Мектеп-лицей-интернаты (дарынды балаларға арналған) — Өскемен қ. → 7 сынып Валеологиялық мектеп-кешені — Өскемен қ. → 1 сынып Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицей-интернаты — Өскемен қ. → 5 сынып «Білім-Инновация» лицейі — Өскемен қ. → 7 сынып «Білім-Инновация» лицейі — Семей қ. → 7 сынып Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия — Семей қ. → 1 сынып «Восток» дамыта оқыту мектеп-кешені — Өскемен қ. → 1 сынып Математика, физика, информатика мамандандырылған мектеп-лицейі — Өскемен қ. → 1 сынып

Жамбыл облысы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп — Тараз қ. → 6 сынып «Дарын» мектеп-интернаты — Тараз қ. → 7 сынып IT лицей-интернаты — Тараз қ. → 7 сынып Ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты — Тараз қ. → 7 сынып Айша Бибі атындағы қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты — Тараз қ. → 7 сынып

Батыс Қазақстан облысы №8 облыстық мамандандырылған мектебі — Орал қ. → 1 сынып С. Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернат кешені — Орал қ. → 1 сынып Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты — Орал қ. → 7 сынып «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Орал қ. → 7 сынып

Қарағанды облысы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты — Қарағанды қ. → 5 сынып Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты — Қарағанды қ. → 5 сынып «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты — Қарағанды қ. → 5 сынып Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты — Қарағанды қ. → 5 сынып Музыка мамандандырылған мектеп-интернаты — Қарағанды қ. → 1 сынып №1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Қарағанды қ. → 7 сынып №2 «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Қарағанды қ. → 7 сынып №3 «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Жезқазған қ. → 7 сынып Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты — Қарағанды қ. → 5 сынып «Зияткер» мектеп-лицей-интернаты — Балқаш қ. → 5 сынып

Қостанай облысы Музыкаға бейінделген негізгі мектеп — Рудный қ. → 1 сынып «Озат» мектеп-интернаты — Қостанай қ. → 7 сынып Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты — Қостанай қ. → 5 сынып «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Қостанай қ. → 7 сынып

Қызылорда облысы «Мұрагер» үш тілде оқытатын мектеп (мамандандырылған сыныптарымен) — Қызылорда қ. → 1 сынып №4 мектеп-интернаты — Қызылорда қ., Тасбөгет кенті → 7 сынып №9 «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Қызылорда қ. → 7 сынып №10 «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Қызылорда қ. → 7 сынып №2 мектеп-интернаты — Арал қ. → 5 сынып

Маңғыстау облысы Облыстық мамандандырылған мектеп-интернат — Ақтау қ. → 7 сынып «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Ақтау қ. → 7 сынып «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Жаңаөзен қ. → 7 сынып

Павлодар облысы №3 гимназия — Павлодар қ. → 1 сынып «Жас дарын» мамандандырылған мектебі — Павлодар қ. → 5 сынып «Зерде» мамандандырылған мектебі — Екібастұз қ. → 1 сынып №8 лицей-мектебі — Павлодар қ. → 1 сынып Абай атындағы №10 лицей-мектебі — Павлодар қ. → 1 сынып Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернаты — Павлодар қ. → 5 сынып №1 лицей-мектебі — Екібастұз қ. → 1 сынып Әскери мектеп-интернаты — Павлодар қ. → 9 сынып Көпсалалы лицей-интернат — Павлодар қ. → 7 сынып Музыкалық колледж-мектеп-интернат кешені — Павлодар қ. → 1 сынып

Солтүстік Қазақстан облысы «Лорд» лицей-интернаты — Петропавл қ. → 5 сынып Қазақ мектеп-гимназиясы — Петропавл қ. → 1 сынып Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернаты — Петропавл қ. → 1 сынып Музыкалық-эстетикалық бағыттағы мектеп-интернат — Петропавл қ. → 5 сынып «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Петропавл қ. → 7 сынып

Түркістан облысы Ж. Қаппаров атындағы №5 физика-математика мектебі — Қазығұрт ауд. → 7 сынып №3 «Білім-Инновация» ер балалар лицейі — Кентау қ. → 7 сынып Үш тілде оқытатын мектеп-интернат — Түлкібас ауд. → 7 сынып №3 мектеп-интернаты — Шардара қ. → 7 сынып «Дарын» мектеп-интернаты — Кентау қ. → 7 сынып Мектеп-интернат — Жетісай қ. (Мақтарал ауд.) → 7 сынып №4 мектеп-интернаты — Сарыағаш қ. → 7 сынып Мектеп-интернат — Ленгір қ. (Төлеби ауд.) → 7 сынып Маржан Тасова атындағы №12 мектеп-интернаты — Шымкент қ. → 5 сынып Батырбек Өтеп атындағы Өнер мектеп-интернаты — Шымкент қ. → 5 сынып

Алматы қаласы М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясы — Алматы қ. → 1 сынып «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Алматы қ., Ақсай → 7 сынып №126 лицей — Алматы қ., Ақсай → 5 сынып М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейі — Алматы қ. → 5 сынып С.А. Ходжиков атындағы №39 лицейі — Алматы қ. → 5 сынып №90 мектеп-лицей — Алматы қ. → 1 сынып Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназиясы — Алматы қ. → 1 сынып №165 мектеп-лицейі — Алматы қ. → 5 сынып №199 гимназия — Алматы қ. → 5 сынып И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-лицейі — Алматы қ. → 5 сынып

Астана қаласы Қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты — Астана қ. → 7 сынып Қазақ ұлттық өнер университетінің мамандандырылған мектеп-интернаты — Астана қ. → 1 сынып