Il’han (шынайы есімі Ильхан Аяпбергенұлы Ихсан; 16 шілде 2002 жылы туған, Жаңақазан ауылы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақстандық жас әнші және музыкант.
Өмірбаяны Ильхан 2002 жылдың 16 шілдесіне Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылына дүниеге келген. Әкесімен 3-4 жасынан бастап ауылдағы мәдениет үйіне барған. Отбасы бәрі өнерге жақын. 10 жылға жуық музыкалық білім алады.«ПОСЛЕ ПОЕЗДКИ В АТЫРАУ Я ПРИШЕЛ В СЕБЯ» - КАЗАХСТАНСКИЙ ПЕВЕЦ ИЛЬХАН ИХСАНОВ
Білімі Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық Эстрада цирк колледжі. Ұрмалы аспап (барабан, дирижер оркестра) мамандығын бітірген.
Шығармашылық жолы Ербол Ақбасов, Нұрлан Байкөзов және Қуат Әбілов әншінің ұстаздары. 2020 жылы алғаш «Айналайын» әні жарық көрді. 2021 жыл 9 маусымда Той Думан арнасына «Сүйкімді» әні шықты. 2022 жыл 21 қарашада «Неге арман» әні танымалдыққа ие болды. Бұл әнді Садраддин мен бірге жазған. Almaty TV арнасы «ТАҢҒЫ studio» және НТК арнасының «OZMZғой» бағдарламаларына әнін айтты. «Әп-әдемі» әні 2022 жыл 2 желтоқсанда шықты және 2023 жыл 7 маусымда YouTube желісіндегі LIKE-ТЫ ӘН бағдарламасына Серік Ибрагимов пен бірге орындады. Тағыда 2023 жыл 5 ақпанда «ŪMYTU QİYN», 12 мамыр «MGS», 16 маусым «Sezbediń» әндері қойылымда болды. 2024 жыл 3 ақпада «Вальс» әні жарық көрді. 2024 мамыр 16 мамыр күні «1001 түн» бағдарламасында Қайрат Нұртас, Sadrаddin және басқа әншілерге жазып берген әндерін өзі гитарамен ойнады. 2025 жыл 24 мамырда Алматыдағы Алматы Аренада концерт өткізді.
Дискографиясы
Синглдері Сүйкімді (2022) Nege arman (2022) Әп-әдемі (2022) Qyz ben jigit dos bola ma? (2023) Alys qala (2023) Mars (2023) Val’s (2024) Sen jaily (2024) Aman bolsy suigenim (2024) Eski suret (2024) Pai-pai (2024) Bir ayda (2024) Qalqam (2024)
+ЖылАтауыАльбом<center> 2025<center>«Auyl balasy» rowspan="7" <center>«Ayaulym»<center>«Country»<center>«Unsiz»<center>«Buryngym»<center>«Oqiga»<center>«Ake»
Бейнебаяндары +ЖылыБейнебаянСілтеме2022Nege arman2023Mars 2024Val’s 2024Sen jaily2024Aman bolsy suigenim2024Eski suret2024Bir ayda 2024Qalqam
Жеке өмірі Әкесі: Аяпберген Муханов, әйелі: Аружан Каримжан, анасы: Эльвира Сисекешева, ағасы: Серік Ихсан. 2024 жыл 24 мамыр күні үйленді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Instagram парақшасы YouTube парақшасы
Санат:Жаңақала ауданында туғандар Санат:YouTube күміс батырма иелері