Еркеболат Бекмұхамбетов (1897, Ақмола – 1981, Алматы) — техника ғылымдарының кандидаты (1965).

Білімі 1929 ж. Ленинград жоғары кооперация курсын бітірген. КОКП Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының Өнеркәсіп академиясын (Свердловск, 1936) бітірген.

Өмірбаяны 1916 ж. Ақмола уезі Қорғалжын болысы бойынша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. 1909 ж. Ақмолада әртүрлі жұмыстарда, кейіннен тау-кен өнеркәсіптерінде жұмысшы болған (1913 — 16). 1916 ж. өз еркінсіз қара жұмысқа алынады, 1917 ж. одан қашып шығып, Ақмола қаласына қайтып келіп «Жас қазақ» жастар ұйымына кіреді. «Тіршілік» газетін шығаруға және таратуға ат салысқаны үшін 3 рет жауапқа тартылады. Қорғалжын болысында, Ақмолада, Петропавлда мұғалім (1918—30). Алматы және Жаркент қалаларында партиялық қызметте (1930 — 33) . Риддер металлургия зауытында аға металлург және партия комитетінің хатшысы (1937) болған. Сол жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қамауға алынып, 1939 ж. босатылады. 1944 жылға дейін Алматы және Қарағанды қалаларында шаруашылық жұмыстарында болған. Ақмола облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары (1944 — 45). Шымкент және Алматықалаларында шаруашылық жұмыстарда (1945—49). 1962 жылға дейін Қазақ КСР Ғылым Академиясының Төралқасында қызметте болған. 1963 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан.

Ғылыми еңбектері «Қазақстанның революцияға дейінгі тау-кен ісі және түсті металлургиясы» (Алматы, 1964) монографиясы. «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» (Алматы, 1977). «Орысша — қазақша политехникалық сөздік» (Алматы, 1979, телавтор) кітаптарының авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Дереккөздер

Санат:Екатеринбург Өнеркәсіп академиясы түлектері Санат:1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістерінің қатысушылары Санат:Тіршілік газеті қызметкерлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:Жас қазақ ұйымы мүшелері