Қазаэронавигация — Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін азаматтық пайдалану саласында аэронавигациялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Толық атауы: "Қазаэронавигация" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және электр байланысы жерүсті құралдарын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Пригородное тұрғын алабы, Е522 көшесі, 15 ғимарат.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
ҚР әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету. ҚР әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз етуді пайдалану. ҚР әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тарих, мәртебе Құлназаров Сергей Дабусович 1953 жылы дүниеге келген. 1978 жылы Ұшақ жүргізу ісі мамандығы бойынша Рига азаматтық авиация ұшу-техникалық училищесін, 1980-1984 жылдары Әуе көлігін пайдалану мамандығы бойынша Ленинград Азаматтық авиация академиясын аяқтаған. Халықаралық көлік академиясының академигі, көлік докторы (1999 ж, Санкт-Петербург). Аэронавигация саласындағы жетістіктері үшін Н.Е. Жуковский медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Құрмет орденінің иегері. «Еуразия» үйлестіру кеңесінің құрметті мүшесі.https://ecovd.ru/istoriya-v-liczah/reformy/kulnazarov-sergej-dabusovich/
Әуе қозғалысын басқару жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 мамырдағы "аэронавигация тәртібі мен шарттары туралы "№ 489 қаулысына сәйкес" Қазақстан әуе жолы "ұлттық акционерлік авиакомпаниясының құрамынан" Қазаэронавигация "кәсіпорнын бөлу туралы" Көлік және коммуникация министрлігінің 1995 жылғы 22 маусымдағы № 133 бұйрығымен құрылған республиканың әуе қозғалысын басқарудың бірыңғай технологиялық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында " Қазақстан Республикасының әуе көлігінде қызмет көрсету Қазақстан барлық пайдаланушылардың қажеттіліктерін әуе кеңістігімен қанағаттандыру үшін.
1995 жыл
Aлматы, Қарағанды, Балқаш, Қызылорда, Орал, Ақтау және Атырау әуеайлақтарында халықаралық стандартқа сай жеті навигациялық радиомаяк орнатылды. Алматыда алғашкы трассалық екінші реттік радиолокатор іске қосылды.
1996 жыл
Aлматыда әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің трассалық орталығы іске қосылды. Екінші реттік трассалық радиолокаторлар Таразда және Балқашта орнатылды. Диспетчерлік құрам халықаралық ережелер бойынша жұмыс істеуі үшін қарқынды дайындық басталды.
1997 жыл
Әуе қозғалысын баскарудың автоматтандырылған жүйесі орталығының трассалық жабдықтары Ақтөбе қаласында іске қосылып, онда екінші реттік радиолокатор орнатылды. Астанада әуеайлақтың ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылды, навигацияның жаңа құралдарымен жабдықталды, ҚЖ-90, маркерлік маяктармен жабдықталған ҚЖЖ қондыру жүйесі орнатылды, байланыс желісі алмастырылды, электр энергиясымен жабдықтаудың жаңа құралдары қарастырылды, БДП ғимараты қайта жабдықталды.
Қытай Халық Республикасымен әуе дәлізі ашылып, онымен Қазақстан Республикасы әуе кеңістігі арқылы ұшатын транзиттік ұшулардың негізгі бағыттарымен (Еуропа - Оңтүстік Шығыс Азия) әуе кемелерінің басым бөлігі ұшады. Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығы құрылып, жұмыс істей бастады. Спутниктік байланыстың алғашқы Алматы-Балқаш желісін құру жұмысы аяқталды. Электр байланысының авиациялық белгіленген желі жүйесі жетілдірілді. Қызылорда мен Оралда алғашқы моноимпульсті екінші реттік радиолокаторы орнатылып, бірінші реттік радиолокациялық жүйені жетілдіру бағдарламасы аяқталды. Барлығы он бес кешен жаңартылды. Ал бұл ӘҚҚА диспетчерлерін екінші реттік радиолокаторлар желісін құру кезінде радиолокациялық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Балқаш ӘҚҚА-ны Алматы ӘҚБ АЖ-мен біріктіру жұмыстары жүргізіліп, жүйе осы режимде жұмыс істей бастады.
Әуе көлігі құрылымы қайта ұйымдастырылып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының саны он сегізден он төртке дейін қысқарды. Кәсіпорынның негізгі және қосымша қызметтерінің саны оңтайландырылып, нәтижесінде қызметкерлердің жалпы саны төрттен бір бөлікке қысқарды. Екінші реттік моноимпульсті радиолокаторлар Астана, Семей және Қостанайда орнатылды. Автоматтандыру құралы кешені Шымкентте іске қосылды. Тараз ӘҚҚА-ны Алматы ӘҚБ АЖ-мен біріктіру жүзеге асырылды. Телекоммуникацияның корпоративтік сандық аэронавигациялық желісін құрудың бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Кәсіпорын филиалдарында маршруттау желісі орнатылды. Әуе қозғалысына қызмет көрсету орталықтары мен шығарылған радиолокациялық позициялар арасындағы байланыстың сандық арнасы ашылды.
Радиолокациялық бақылау жүйесіндегі негізгі құрал ретінде екінші реттік радиолокация өрісін пайдалануға көшу бағдарламасын жүзеге асыру аясында моноимпульсті екінші реттік радиолокаторлары Ақтау, Атырау, Жезқазған қалаларында орнатылды. Бірінші реттік әуеайлақтық радиолокаторлар Алматы мен Астанада орнатылды. Алматы қаласында «Мұнара» диспетчерлік пункт ғимараты салынып, жабдықталды. Алматыда филиалдың сандық айырғыш желісінің алғашқы сегменті орнатылды. Кәсіпорынның жеті филиалында «HOTAM-офис» жүйесін енгізудің бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Астана, Ақтөбе және Алматыда дауыстық диспетчерлік байланыстың сандық коммутаторлары іске қосылды.
Арал қаласында радиолокациялық позиция орнатылды, осылайша 1993 жылы басталған әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру бағдарламасы қорытындыланды. Астана мен Алматыда бірінші реттік әуеайлақтық РЛС және ӘҚБ АЖ әуеайлақтық орталықтары іске қосылды. Екінші реттік радиолокациялық кешендерді жетілдірудің жаңа бағдарламасы аясында Алматыда жаңа моноимпульсті радиолокатор орнатылды. Навигациялық радиотехникалық жүйені халықаралық стандарттағы әуеайлақтық навигациялық маяктарға ауыстырудың жаңа кезеңі басталды. Астана және Жанақазалыда оларды орнату жұмыстары аяқталды. Диспетчерлік құрамды даярлау жүйесі жетілдіріліп, Алматыда Кәсіби дайындау орталығы ашылды.
Ақтөбе қаласында «Мұнара» диспетчерлік пунктінің ғимараты салынып, жабдықталды. Әуеайлақтық радиолокациялық кешендерді қайта жандандыру бағдарламасы басталды, Өскемендегі әуеайлақтық радиолокатор жаңартылды. Астанада моноимпульсті екінші реттік әуеайлақтық-трассалық радиолокатор орнатылды. Ақтау-Баку спутниктік байланыс бағыты іске қосылды. Диспетчерлік келіссөздерді тіркеудің ескірген жабдықтары толығымен алмастырылып, барлық филиалдарда жаңа сандық тіркеушілер іске қосылды.
2003 жыл
Сандық корпоративтік желіні құрудың бірінші кезеңі жүзеге асырылып, Батыс Қазақстан ӘҚҰ өңірлік орталығында барлық алыс позициялар мен ретрансляторларда тоғыз сандық байланыс тораптары орнатылды. Павлодар, Қостанай, Орал, Қызылорда, Ақтау және Атырауда алты әуеайлақтық радиолокатор жетілдірілді. Ақтау, Атырау және Ақтөбеде екінші реттік әуеайлақтық-трассалық моноимпульсті радиолокаторлар орнатылды. Жезқазғанда навигациялық маяк орнатылды. Алматы, Астана және Атырауда дауыстық хабарлаудың сандық құрастырушылары іске қосылды.
2004-2005 жылдар
Ақтөбе ӘҚБ АЖ-да трассалық орталық ұлғайтылып, оған Арал, Атырау және Оралдың шалғайдағы радиолокациялық позициялары қосылды. Ақтөбе, Тараз және Петропавл қалаларында үш радиолокатор жаңартылды. Екінші реттік радиолокаторлар Қарағанды мен Көкшетауда орнатылды. Сандық тораптар саны жиырмаға жеткізілді. Олардың жаңалары Семей, Өскемен, Аягөз, Павлодар, Карағанды, Балқаш, Қостанай, Жезказған, Астана және Таразда орнатылды. Шымкентте навигациялық маяк қондырылды. Өңіраралық спутниктік байланыс желісі кеңейтілді.
"Қазаэронавигация" РМК — өз тұтынушыларына коммерциялық негізде аэронавигациялық қызметтер көрсететін мемлекеттік компания.
"Қазаэронавигация" РМК қызметін Халықаралық Азаматтық авиацияны реттейтін Чикаго конвенциясында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберге сәйкес жүзеге асырады.
"Қазаэронавигация" РМК өзара қарым-қатынас орнатқан негізгі азаматтық авиациялық ұйымдар: ИКАО, ИАТА, canso халықаралық ұйымы, Еуробақылау, Мемлекетаралық авиациялық комитет, "Еуразия" Үйлестіру кеңесі.
"Қазаэронавигация" РМК Талдықорған қаласын қоспағанда, жоғары әуе кеңістігінде және Қазақстан Республикасының көптеген әуеайлақтарында ұшу, қону, ұшу маршруттарында қауіпсіз және тиімді коммерциялық негізде аэронавигациялық қызметтер көрсетеді.
Басшылық Жетекшісі Ахметов Нұржан Нұраханұлы (2023 жылғы 12 сәуірден бастап) https://www.ans.kz/ru/company/leadership
Аумақтық органдар Ұйымның орталық кеңсесі Астана қаласында орналасқан.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша филиалдар Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қостанай, Шымкент, Орал, Қызылорда, Тараз, Семей, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл қалаларында орналасқан. Қарағанды филиалының құрамында "Жезқазған", "Балқаш" қашықтағы позициялары бар. https://web.archive.org/web/20141228070904/http://goszakup.ans.kz/contact.php
Дереккөздер
Санат:Қазақстан авиациясы