Макуа (вамакуа, маква, макоане, нгуру) — Мозамбиктің орталық аймақтарындағы және Малави мен Танзанияның көршілес аймақтарындағы банту тобының халқы.Значение слова МАКУА в Большом энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/bolshoy/2099068.html Жалпы саны 8,55 млн. адам. Мозамбикте 6,9 миллион адам, Малавиде 1,3 миллион адам, Танзанияда 300 мың адам. Шағын топтар Оңтүстік Африка Республикасында (15 мың адам) және Зимбабведе (25 мың адам) тұрады.Макуа https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/425787
Тілі Тілі - имакуа (макуа) тілі.Современная энциклопедия Макуа https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/202807-makua/
Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – сүнниттік мұсылмандар, католиктер.Макуа https://megabook.ru/article/%D0%9C%D0%B0%D0%BA%D1%83%D0%B0
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, құмай, күріш, бұршақ, банан), ұсақ мал мен құс өсіру, аңшылық, балық аулау. Плантацияларда, шахталарда және қалаларда маусымдық жұмыс маңызды рөл атқарады. Қолөнер бұйымдарынан - ағаш ою, қызыл және қара геометриялық өрнектері бар рафия пальмасынан талшықтар тоқу дамыған.Народы и культуры Макуа https://travel-journal.ru/ethno/40/954/
Өмір салты Макуалар матрилинді туыстыққатнастық рулық-тайпалық топтарға бөлінді. Отбасы үлкен. Неке матрилокалды. Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін ауыл қауымдастықтары құрайды.
Макуалардың көпшілігі шағын дөңгелек пішінді орналасқан ауылдарда тұрады. Үйшіктері дөңгелек, сабан мен пальма жапырақтарынан жасалған биік конустық төбелері бар, шаруашылық құрылыстары бұтақтардан өріліп, саз балшықпен сыланған. Жағалау аймақтарында шатыры бар тікбұрышты үйлер жиі кездеседі. Шаруашылықтары дуалдармен қоршалған. Макуалардың бір бөлігі қалаларда тұрады, қолөнермен және саудамен айналысады.
Қала тұрғындарының киімдері галабея - кең ақ көйлек, шалбар, сандалдар және ерлер үшін сәнді мақта қалпақ, әйелдер үшін ашық желбегей және ұзын көйлек. Ауылдық жерлерде - белден тізеге дейін денені жауып тұратын бір түсті матадан жасалған киімдер
Азық-түліктері өсімдік тектес тағамдар - көкөніс (көкөніс соусы қосылған ұсақталған дәндерден алынған жарма), балық.народы мира / Макуа http://www.etnolog.ru/people.php?id=MKUA
Мозамбик макуалары арасында бірге ән айту жиі кездеседі. Мозамбик пен Танзанияда музыканы ойнау әртүрлі идиофондарда, мембранофондарда және хордофондарда дамыған. Үлкен ксилофондық манвилода бір-біріне қарама-қарсы отырған екі музыкант ойнайды, дыбыс «кілттердің» шеттеріндегі ағаш таяқтардың жылдам соққылары арқылы шығарылады. Замбези өзенінің аңғарында ламеллафон шитата немесе читватьяда (кептірілген асқабақ резонаторы) жеке ойнау жиі кездеседі. Бангве цитрасын ойнау (панго, банго) танымал. Дәстүрлі билер ән айтумен және аспаптарда ойнаумен сүйемелденеді, Танзанияда зооморфты бетперделердегі билер барабанның сүйемелдеуімен орындалады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2167739
Дереккөздер
Санат:Мозамбик халықтары Санат:Танзания халықтары Санат:Малави халықтары Санат:Зимбабве халықтары Санат:Оңтүстік Африка Республикасы халықтары