Мандинго (малинке, малинка, маненка, манденка, манденга, мандинко)МАНДИНГО https://slovaronline.com/browse/8a6c24e6-c2c6-388b-b85c-eb7097e8d591/%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%BE — Батыс Африкада тұратын халықтар тобы (оңтүстік Гамбия, Гвинеяның солтүстік және солтүстік-шығысы, батыс Мали, Кот-д’Ивуар, Сенегал және Гвинея-Бисау).Определение "Мандинго" в Большой Советской Энциклопедии http://bse.sci-lib.com/article073387.html Жалпы саны 4,2 миллион адам.Мандинго http://bfsibguti.ru/mandingo/
Тілі Манде тілдерінің Солтүстік тобына жататын тілдерде сөйлейді.МАНДИНГО http://www.aggregateria.com/M/mandingo.html
Діні Діні бойынша көпшілігі мұсылмандар, кейбір аймақтарда ежелгі анимистік нанымдар мен ата-бабалар культі сақталған.Большая Советская энциклопедия Мандинго https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/54860-mandingo/
Тарихы 1 мыңжылдықта қазір мандинго халықтары мекендеген аумақта бірқатар мемлекеттер болды. Араб деректеріне сүйенсек, Малинка құрған Мали мемлекеті 14 ғасырда жоғары өркендегені белгілі. Кейіннен Сонгай мемлекетінің құрамына енді. 17-18 ғасырларда бірқатар бамбара мемлекеттері болды.Мандинго http://www.etnosy.ru/node/1190
Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік. Дәнді дақылдарды (тары, құмай, фонио, жүгері, күріш) ерлер, бақша, дәмдеуіштерді әйелдер өсіреді. Сонымен қатар құс өсіріледі, ірі қара өсіреді. Қолөнерден – ұсталық, керамика, тоқымашылық дамыған. Көптеген мандинголар қалаларда тұрады, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, зиялы қауым қалыптасты.Народы и культуры Мандинго https://travel-journal.ru/ethno/40/977/
Өмір салты Дәстүрлі әлеуметтік бөлініс – тотемизм белгілері бар патрилатералды рулар, 2 эпигамдық топқа біріктірілген. Халықтың ерекше әлеуметтік топтары (касталар) - жауынгер егіншілер, темір ұсталары, тері илеушілер, гриот әңгімешілері бар. Жас класстары, құпия, аңшылық одақ белгілері сақталған.
Дәстүрлі елді мекендері - көп балалы отбасылар тұратын кварталдары бар ауылдар. Тұрғын үйлері саман, дөңгелек немесе тікбұрышты, конустық немесе тегіс төбесі бар.
Дәстүрлі киімі - бубу (кең жеңді халат).
Негізгі тағамдары – ет, балық және көкөніс соустары қосылған күріш, маниок және тары ботқасы.
Халық ауыз әдебиеті өте бай: ертегілер, мақал-мәтелдер, ғұрыптық және тұрмыстық әндер мен билер, тарихи эпос. народы мира/Мандинго http://www.etnolog.ru/people.php?id=MNDG
Дереккөздер
Санат:Гамбия халықтары Санат:Гвинея халықтары Санат:Мали халықтары Санат:Кот-д’Ивуар халықтары Санат:Сенегал Санат:Гвинея-Бисау