thumb|right|250px|Адам санасының болжалды бейнесі Сана () – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді (mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.
Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік (intentional), ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады.
Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді.
Сана, немесе діл әдетте адам денесіне, материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана мен ми арасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болған сана-дене проблемасы деп аталады. Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтын дуализмге, немесе идеализмге көбірек негізделеді. Заманауи көзқарастар көбінесе физикализмге, немесе функционализмге негізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананы нейрондар белсенділігі секілді физикалық құбылыстарға редукциялауға болады.Smart, J.J.C., "The Mind/Brain Identity Theory", The Stanford Encyclopedia of Philosophy (Fall 2011 Edition), Edward N. Zalta (ed.), Дегенмен дуализм мен идеализмнің жақтаушылары әлі де көп.
Келесі бір сұрақ, қандай түрдегі болмыс санаға қабілетті екеніне қатысты. Мысалы, сана тек адамға ғана тән бе? Кейбір, немесе барлық жануарларда, немесе барша тіршілік түрлерінде тегіс сана бола ма? Сана мүлде қатаң түрде анықталатын сипаттама ма? Сана кейбір адам жасаған машиналардың да қасиеті ме? тб.
Әртүрлі мәдени және діни дәстүрлер зерденің әртүрлі тұжырымдамаларын жиі пайдаланады, әрі түрлі қатысты сұрақтарға әртүрлі жауап береді. Кейбіреулер Сананы тек адамдарға ғана тән қасиет деп санаса, басқалары оны жансыз заттарға, хайуанаттарға және киелі күштерге де ортақ қасиет деп санайды (мысалы, панпсихизм және анимизм). thumb|right|220px|френологиялық ми картасыOliver Elbs, Neuro-Esthetics: Mapological foundations and applications (Map 2003), (Munich 2005). Біртүрлі псевдоғылым болуына қарамастан, френология әдетте зерде функцияларын мидың белгілі бір бөліктерімен байланыстыруға алғаш әрекет жасаған ілім. Өте ежелгі жазылған болжамдардың кейбіреулері, мысалы, Зороастр, Будда, Платон, Аристотель және өзге де ежелгі Грек, үнді, кейінірек Шығыстық және ортағасыр Еуропа философтары ілімдерінде сананы көбінесе жан, немесе рухпен бірдей етіп сипаттап, өлімнен кейінгі өмірге де, космологиялық және табиғи тәртіпке де қатысты теориялармен байланыстырады.
Фрейд пен Джеймс секілді психологтар және Тьюринг секілді компьютер ғалымдары сана табиғаты туралы ықпалды теориялар жасады. Жасанды интеллект саласы бейбиологиялық зерде мүмкіндігін қарастырды. Жасанды интеллект саласы кибернетикамен және ақпарат теориясымен тығыз байланысы болды, ол бейбиологиялық машиналар арқылы ақпарат өңдеудің адам санасындағы феномендермен салыстырмасын және өзгешелігін түсінуге көмектеседі. Сана кейде түйсіктік әсерлер мен менталды феномендер тосын өзгеріп тұратын сана ағыны ретінде де сипатталады.
Анықтамасы thumb|right|200px|"Сана құрылу үстінде" деген белгісөз, яғни бұл деген сана қатып қалған, біржола қалыптасқан нәрсе емес, ол әрқашан жаңа, үздіксіз қайта құрылатын, жасалатын, құрастырылатын, бейне бір салынып жатқан құрылыс секілді динамикалы және жаңарымды нәрсе деген мағынаны аңғартатын сөз тіркесі. Сана көбінесе сезім, түйсіну, ойлау, пайымдау, жады, сенім, аңсар, эмоция және мотивация секілді рухани феномендерде әйгіленетін қабілет ретінде түсініледі. Сана, немесе діл әдетте денеге, материяға немесе затқа салыстырмалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың өзегі интуиция болып, оның ерекшелігі жаратылыстану ғылымдары материалдық ғаламды сипаттаған кезде анықтаған түрлі ерекшеліктерге үйлеспейді, немесе ондай ерекшелігі болмайды. Дәстүрлі доминантты сбустанциалист көзқарас Рене Декартпен байланысты, ол бойынша сана дегеніміз тәуелсіз ойлау субстанциясы. Бірақ қазіргізаман философиясы сананы субстанция ретінде емес, адамдар мен жоғары деңгейлі жануарларға тән қасиеттер мен қабілеттер ретінде таниды.
Сананың, немесе ділдің (mentality) нақты табиғаты жайында әртүрлі бәсекелес анықтамалар ұсынылған. Таным негізіндегі анықтама, немесе Епистемологиялық анықтама - сананың сыртқы объекттің мидағы елесін ғана емес, субъектке тән түрлі ішкі көңіл күйлерді де танымдық қабылдау екендігі сынды ерекшелігіне назар аударады;
Танымдық қабылдау "Тікелей", "Жекелік" және "Мүлтіксіз" деп сипатталады. "Тікелей қабылдау" сананың бейтұжырымдық тану екеніне қаратылады. Егер біреу ауырса, ол өзінің ауыру сезімін тікелей сезе алады, осы үшін ол дене мүшесіндегі өзгерістерден тұжырымдап шығарып жүрмейді. Дегенмен адам сезіну арқылы ағаш, немесе мысық секілді сыртқы объектілер туралы да бейтұжырымдық білім қалыптастыра алады, ол ағашты, не мысықты бірден көреді, ешқашан оны көруін тұжырымдап шығармайды, демек бұл критерийді тәптіштеп қарау керек. Сананың түрлі әлеуметтік сыртқы фактілерден тағы бір маңызды айырмашылығы, оның "Жекелік қабылдау" болуы. Мысалы, құлаған ғаш адамның аяғын жаншып кетсе, жәбірленушінің ауырсынуы екінші бір адам үшін мүлде жабық жеке өзілік сезім ғана болады, ауырсынуды ол тек өзі ғана сезіне алады, ал оның қасындағы адамның оны аңғаруы тек жәбірленушінің айғайлауы, түрінің бұзылуы секілді қиналған көріністерден тұжырымдап шығару ғана болады, бірақ ол ешқашан жаны қиналушының тегі қалай қиналғанын тіке сезе алмайды. Дәстүрлі таным бойынша, бізде өз психикалық күйлеріміз туралы "мүлтіксіз білу" бар, яғни олар еш қатесіз, қалай болса дәл солай білінеді. Мысалы, біреудің алақаны қышыса, ол бұл сезімнің шынымен болып жатқаны туралы қателесуі мүмкін емес деген сөз. Адам әдетте тек менталсыз себептер туралы қателесуі мүмкін, мысалы, бұл қышу жәндіктің шағуынан ба, әлде инфекциядан ба, әлде басқа себебі бар ма, зерттеуіне тура келеді. Дегенмен, Мүлтіксіздік туралы мәлімдемелерге әртүрлі қарсы мысалдар да ұсынылды, сондықтан бұл критерий қазіргі заманғы философияда толық қабылданбайды. Эпистемологиялық анықтама, немесе танымдық анықтама негізінен саналы күйлерге көбірек назар аударады, бірақ бейсаналық күйлерді жоққа шығарады. Мысалы репрессияланған аңсарды танымдық тұрғыдан анықтау өте қиын.
Зерде (Consciousness) негізіндегі анықтама - зерденің саналы сипатына айырықша назар аударып, бейсана феноменін де зерденің бір белгісі ретінде қарастырады; Интенционалдық анықтама бойынша, объекітке қатыстылық және заттар мен құбылыстарды бейнелеу қуаты менталдылық белгісі болып табылады. Бихевиоризм анықтамасы бойынша, субъектте сананың бар-жоғы оның сыртқы ынталандыруға жауап ретінде қандай қылық жасайтынына байланысты болады; Ал функционализм анықтамасы менталды күйлерді олардың себептік рөлі мен әсері тұрғысынан анықтайды.
Сана формалары thumb|right|200px|Бас контуры, ішінде көздің суреті бар, ойлауды, аңғаруды, мидың ішінде "көруді" сипаттаған Менталды қабілеттер Кең мағынада айтқанда, менталды қабілеттер - бұл сананың түрлі функциялары, яғни сана не "істей" алатыны.
Ойлану () - бұл адамдардың өз қажетсінуіне, қызығуына, нысанасына, уәдесіне, жоспарына, мақсатына, аңсарына сай дүниедегі нәрселерді олардың маңызы бойынша тануы, әйгілеуі және түсіндіруі сынды менталды белсенділігі. Ойлану негізінен ырықсыз түрде басталуы және жалғасуы мүмкін; ол табиғи, автоматты, ауыспалы, еркін сипатта болады; онда қою эмоциялық ерекшелік болады. Ойлану мәлім идеялар мен деректердің символды, немесе семиотикалы мәні мен мағынасына сай жүріседі, сөйтіп біз ұғым қалыптастырамыз, түрлі мәселені шешуге автоматты әзірленеміз, логикалық пайымдау жасауға, шешім шығаруға дейін дамимыз.
Ойлау () адамдағы танымдық (когнитивті) "жоғары" қызмет ретінде сипатталады, әдетте таным психологиясының маңызды бір саласы осы ойлау процесін анализдеумен айналысады. Ойлануға салыстырғанда Ойлау мақсатты, арнайы, белсенді түрде жүреді, сұрақтармен жұмыс жасайды, ойлау процессі меңгеріледі, басқарылады, бағытталады, реттеледі, түзетіліп, жетілдіріліп отырады. Ойлау әсіресе құрал жасау және қолдану, себеп пен салдарды жыға тану, маңызды белгілерді аңғару, тәжірибе-қимылдың өзгеше контекстін ұғыну мен айқындау, мағыналы түрде дүние-өмір мәселелеріне жауап беру қабілеттерімізбен тығыз сәйкескен болады.
Жады () - бұл білімді, ақпаратты, немесе тәжірибені сақтау, салу, және кейіннен қайта еске түсіру қабілеті. Жады философия дәстүрінде тұрақты тақырып болғанымен, ХІХ ғ-дың соңы мен ХХ ғ-дың басында Таным психологиясы парадигмаларында жадыны зерттеу арнайы пән ретінде тыңнан көрініс тапты. Соңғы онжылдықта ол Таным нейроғылымы деп аталатын жаңа ғылым саласының маңызды түйініне айналып, таным психологиясы мен нейроғылымды байланыстырды.
Қиял () - бұл санада оятылған, немесе қоздатылған жаңа күй, әсерлі бейнелер, өзгеше идеялар мен квалиалар ағыны. Ол тіке пассив тәжірибе бойынша емес, еркін субъективті белсенділік бойынша табиғи қалыптасады. Бұл ұғым психологияда арнайы түрде объекттен сезілген әуелгі сезінулерді санада жаңғырту процесі ретінде қолданылған. Терминнің бұлай қолданылуы күнделік сөйлеу тіліндегі мағынаға қайшы болғандықтан, кейбір психологтар бұл процесті "бейнелеу" (imaging), "кескіндеу" (imagery), немесе қиялды "өсіруге" (productive) салыстырмалы қиялды "өрбіту" (reproductive) деп сипаттауды жөн санады. Қиялдағы нәрселер "сана көзімен" көрілген деп айтылады. Қиялдың көптеген практикалық функциялары арасында мына қабілеттерді атап көрсетуге болады: мүмкін болатын болашақты, немесе тарихты жобалау, нәрселерді өзгеше перспективамен "көру", нәрселерді сезіну тәсілін өзгерту, әсіресе аңысқа (respond) сай шешім шығару, немесе қиялдағыны нақтылау және өзгерту, тб.
Зерде () әдетте субъективтілік, сезімталдық және адамның өзі мен қоршаған ортасы арасындағы байланысты сезіну қабілеті секілді қасиеттерді қамтитын сана аспектісі болып, ол әдетте мәлім сәттегі сананың арнайы түрдегі өз-өзіне айқындылығын, өз-өзін сезінген, түйсінген, аңғарған, ұғынған, түсінген күйін білдіреді. Бұл сана философиясы, психология, неврология және танымдық ғылымдардың түрлі зерттеулерінің маңызды тақырыбы. Кейбір философтар зердені субъективті тәжірибенің өзі болып табылатын феноменалды зердеге жатқызады, ол мидағы өңдеу жүйесінің ақпараттарына жалпы қолжетімділікті білдіреді.Ned Block: "On a Confusion about a Function of Consciousness" in: The Behavioral and Brain Sciences, 1995. Феноменальды сананың көптеген тәжірибелік қасиеттері барр, олар квалиа деп аталады. Феноменалды зерде әдетте "бірдеңенің өзі туралы", немесе "бірдеңенің ерекшелігі туралы" зерде болып, ол сана философиясында интенционалдық (ниеттілік) деп аталады.
Сананың жіктелісі thumb|right|250px|Сананың модалды моделі. Сенсорлы енгізу (Sensory input) - Сенсорлы жады (Sensory memory) - [ниеттену арқылы] және [жаттығу арқылы] - жұмыс жадысы, яғни мезеттік жады (Working memory) - шығару (output) - немесе [жаттығу арқылы] - ұзақ мерзімді жады - [кодталу қайталанысы].