Қуаныш Біләнұлы Қарақұлов (20 маусым 1977 жыл, ) — қазақстандық футболшы, қорғаушы, жартылай қорғаныста да ойнаған.

Карьерасы Шымкент футболының түлегі. Ұзақ жылдар бойы "Жігер" клубында доп тепті. 2000 жылы бір маусым ЦСКА-Қайрат клубында ойнап, 26 ойында алаңға шықты.

2001 жылы "Атырауға" ауысты. "Атырау" сапында УЕФА Кубогында "Матадорға" қарсы екі ойында алаңға шықты. 2003 жылы да осы турнирде "Левскиге" қарсы екі матчқа қатысты.

2004 жылы Шымкентке қайта оралып, "Ордабасы" футболшысы атанды.

2010 жылы "Қайсарға" ауысты. Маусым соңында "Гефест" клубында ойнады. Жетістіктері Командалық Қазақстан кубогы: 2007 Қазақстан чемпионатында 2-орын: 2001, 2002 Сілтемелер Профилі

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Алматы ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Гефест ФК ойыншылары