Айдархан Әлиұлы Бисембаев (1943 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Заречное ауылы) — запастағы полковник.
Еңбек жолын 1961 жылы мектеп бітірген соң, Қарағанды қаласының өндірістерінің бірінде жұмысшы болып бастаған. 1962 — 65 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. 1967 — 80 жылдары Көкшетау облысы Келлер ауданы комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы; Қазақстан Компартиясы Ленин ауданы комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1980 жылдан Көкшетау облысы партия комитетінің жолдамасымен Көкшетау облысы атқару комитетінің Ішкі істер басқармасына жұмысқа келіп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін осы жерде жұмыс істеген.
Қоғамдық қызметі Қазақстан комсомолының 2-съезіне депутат болып сайланған.
Марапаттары «Еңбектегі ерлігі үшін» (1970, 1980) медалі. «Тың жерді игеруге қатысқаны үшін» медалі. 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:1943 жылы туғандар Санат:Тайынша ауданында туғандар Санат:Қазақстан полковниктері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері Санат:III дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалінің иегерлері