Тамара Тахминдаровна Абдуллаева (наурыз 1914 туған) — Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Қызыл Шығыс» ұжымшар звеношысы, Социалистік еңбек ері.

1914 жылы наурызда дүниеге келген. 12 жасынан бастап жүзім шаруашылығында жұмыс істеді.

1944 жылы Меркі ауданына қарасты «Қызыл Шығыс» ұжымшарына ауысып, қызылша шаруашылығы тобының звеношысы болып тағайындалды. Бірінші маусымда қант қызылшасының әр гектарынан 494 центнер өнім алды. Содан кейін өнімділікті 650-680 ц/га дейін жеткізді.

1948 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1956 жылы «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. 1965 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. «Еңбек ардагері» медалімен де марапатталған (1977).

1977 жылдан бастап — зейнеткер.

Сілтеме http://www.libr.e-taraz.kz/?action=contents&page=290&lan=rus Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. фото https://www.playle.com/listing.php?i=IVANHOE137978 Абдуллаева Тамара Тахминдаровна. «Герои страны» сайты.

Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары