Сергей Михайлович Куцов (23 сәуір 1977) — қырғызстандық және қазақстандық футболшы, қорғаушы.

Мансабы Ол кәсіпқой карьерасы 1993 жылы Бішкектің «Алға-2» командасында бастады. Алғашқы маусымында ол Қырғызстан кубогының финалисі болды. 1994 жылдан бастап «Алға» (кейін – СКА ПВО) командасының негізгі сапында ойнады, чемпионаттың үш дүркін күміс жүлдегері (1997, 1998, 1999) және ел кубогының үш дүркін иегері атанды. Ол Қырғызстанның жоғары лигасында барлығы 150 кездесу өткізіп, 85 гол соққан.

Қырғызстан құрамасы сапында 1996 жылы 24 қаңтарда Азия Кубогының іріктеу турнирінің Сауд Арабиясына қарсы матчында бірінші таймда ойнап, алғашқы ойынын өткізді. Ол өзінің алғашқы голын 1997 жылы 9 маусымда әлем чемпионатының іріктеу ойынында Иранға қарсы соқтыИран 3 : 1 Киргизия . 1997 жылы үш матч қатарынан гол соқты - Иранмен ойыннан басқа Сирия мен Мальдив аралдарына да гол соқты. Барлығы 1996-2001 жылдары ұлттық құрама сапында 16 кездесу өткізіп, үш гол соқты.

1999 жылдың ортасында ол қазақстандық "ЦСКА-Қайрат" клубына ауысты. Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын 1999 жылы 24 шілдеде «Ақмола» (Степногорск) клубына қарсы соқты«ЦСКА-Кайрат» 3:0 «Акмола» Степногорск . 2001 жылы ЦСКА-Қайрат пен «Қайрат» біріккеннен кейін ол «Қайрат» сапында ойнай бастады. 2004 жылғы Қазақстан чемпионы, 2001 және 2003 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды. Осы кезеңде ол шабуылшы позициясынан орталық қорғаушы позициясына ауыстырылды.

Кейін легионер атанбас үшін Қазақстан азаматтығын алды.

Жетістіктері

Клубтық Қырғызстан кубогы: 1997, 1998, 1999 Қазақстан кубогы: 2001, 2003 Қазақстан чемпионы: 2004

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан футболшылары Санат:Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Алға ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Спартак Семей ФК ойыншылары