Ромен Ханем Пол Саисс (; ; 26 наурыз 1990, Бур-де-Пеаж, Франция) — марокколық футболшы, қорғаушы.

Карьерасы

Клубтық 2015 жылдың жазында Ромен "Анжеге" ауысты. 8 тамызда Монпельеге қарсы матчта чемпионаттағы тұңғыш ойынын өткізді. "Лорьянға" қарсы ойында Анже сапындағы алғашқы голын соқты.

Маусымның соңында Ромен төрт жылдық келісім-шартқа қол қойып, "Вулверхэмптон Уондерерске" ауысты.

Халықаралық 2012 жылдың 14 қарашасында Тогоға қарсы жолдастық кездесуде Марокко құрамасының сапында тұңғыш рет алаңға шықты. 2017 жылы Ромен ұлттық құрама сапында Габонда өткен Африка кубогына қатысты. Турнирде ол Того, Кот-д'Ивуар, Мысыр және Конго ДР командаларына қарсы матчтарда ойнады. Тоголық Цесспен жекпе-жекте ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.

2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысты. Турнирде ол Иран және Испания командаларына қарсы матчтарда ойнады.

2019 жылы Мысырда өткен Африка ұлттар кубогына, 2021 жылы Камерунда өткен Африка ұлттар кубогына қатысты.

2022 жылы әлем чемпионатына қатысып, бір гол соқты.

Дереккөздер

Санат:Марокко футболшылары Санат:Марокко Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Клермон ФК ойыншылары Санат:Гавр ФК ойыншылары Санат:Анже ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Әл-Садд ФК ойыншылары