Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев (9 шілде 1981 жыл, Саратов облысы, РКФСР) — ресейлік және қазақстандық қаржыгер, мемлекеттік қайраткер. 2026 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы.
2025 жылғы ақпаннан қыркүйекке дейін Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған Шарлапаев бұрын 2023—2025 жылдары Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі, 2022–2023 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ Басқарма төрағасы болды.
Өмірбаяны Қанат Шарлапаев 1981 жылғы 9 шілдеде, Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Мансабы банк секторында бастауын алды.
2006–2022 жылдары аралығындағы мансабын Шарлапаев «Сити» инвестициялық банкіне арнаған: 2006 жылдан 2008 жылға дейін Шарлапаев «Сити» инвестициялық банкінің өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде және операциялық-технологиялық департаменттерінде сатылым басқару секторында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді; 2008–2012 жылдары аралығында ол Лондонда сол банктің қор нарығымен жұмыс жөніндегі аймақтық бөлімшесінде аға талдаушы, вице-президенттің көмекшісі, вице-президенті болды; бұдан кейін, 2015 жылға дейін Шарлапаев сол банктің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка үшін аймақтық стратегиялық жоспарлау және талдау тобының вице-президенті болып жұмыс істеген.
2015 жылдан 2017 жылға дейін Шарлапаев «Ситибанк Қазақстанның» бас қаржы директоры, төрағасының орынбасары, аға вице-президенті қызметтерінде болды. Бұдан кейін ол «Ресей Ситибанкінің» Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 2020 жылға дейін жалғастырды. Ол жұмысы аяқталғасын, 2022 жылға дейін ол «Сити» банкінің Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры болды.
2022 жылғы 2 ақпанда премьер-министр Смайылов ұсынысы бойынша Шарлапаев «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне жаңа басшы сайланды Смайылов Шарлапаевтың «әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – "Сити" құрылымдарындағы үлкен басқарушылық жұмыс тәжірибесінің» бар екенін айтып кеткен.
«Бәйтерек» холдингінің басшысы ретінде ол 2022 жылғы 9 ақпанда «Қазақстан Даму Банкінің», «Қазақстан Тұрғын үй компаниясының», 16 ақпанда «Отбасы банкінің» және 28 ақпанда «Өндірісті дамыту қорының» директорлар кеңесіне төрағалық етті және 12 қыркүйекте «Ресей Сбербанкі» АҚ Қазақстандағы еншілес банкінің Директорлар Кеңесінің мүшесі болды, 16 қыркүйекте «Береке Банк» АҚ Директорлар Кеңесін басқарды.
2023 жылғы 4 қыркүйекте Қанат Шарлапаев Қазақстан президенті Тоқаев жарлығымен Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда ол өз лауазымына қайта тағайындалды.
2025 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан регби федерациясының президенті болып сайланды.Канат Шарлапаев избран президентом Федерации регби Казахстана
2025 жылғы 28 ақпанда министр қызметінен босатылды да, Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 2025 жылғы 25 қыркүйекте көмекші лауазымынан босатылды.
2026 жылғы 23 қаңтарда Шарлапаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезінде палата төралқасының төрағасы болып сайланды. Ол Райымбек Баталовтың орнын басты.
Жеке өмірі Әкесі Бисимбай Шарлапаев — ресейлік саясаткер, «Біртұтас Ресей» партиясынан Саратов облысының бұрынғы депутаты, пара алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған.
Қанат Шарлапаев үйленген, үш баласы бар, 2017 жылы туған Дана Шарлапаева есімді қызы бар екені белгілі.
Қанат Шарлапаев қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Сын
Бисимбай Шарлапаев Бисимбай Насырұлы Шарлапаев (20 қараша 1958 жыл, Калининское ауылы, Маркс ауданы) — ресейлік саясаткер, «Біртұтас Ресей» саяси партиясынан Саратов облысындағы Маркс ауданы кеңесінің депутаты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, 2016 жылғы қарашада Саратов облысы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Алексей Гришановқа пара бергені үшін сотталған. Одан кейін ол өз кінәсін мойындап, шартты түрде сотталып, 1 миллион рубль айыппұл төлеуге мәжбүр болды. 2022 жылғы 14 ақпанда Антикор төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қанат Бисимбайұлының Бәйтерек АҚ басшысы қызметіне тағайындалуы және оның жемқорлықпен айналысқан әкесі жайлы айтқанда «Қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда адамның жақын туыстарға шектеулер қарастырылмаған» деген.
Бірнеше азаматтығы бар деген айыптар 2022 жылы сол кездегі Бәйтерек ұлттық холдингінің төрағасы Қанат Шарлапаевтың сайтында оның ұлыбританиялық және ресейлік азаматтығының бар екені айтылған еді. Ол жайлы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «оның қазақстандық азаматтығы жоқ» деген, бірнеше азаматтық алуға қарсы заң тек қазақстан азаматтарына әрекет ететіні белгілі.
2022 жылы Шарлапаев пен оның қызы Дана Қанатқызы Шарлапаева Ресей азаматтығынан айырылу өтінішін жасаған еді. 18 қараша күні Ресей президенті Владимир Путин оның бұл өтінішін орындады.
2022 жылғы қарашада Қазақстан азаматтығын алған. Ресми дереккөздерде оның тек бір ғана қазақстандық азаматтығы бар екені айтылған. Шарлапаевтың ұлыбританиялық азаматтығының қазір бар-жоғы әлі белгісіз.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кәсіпкерлері Санат:Қазақстан индустрия министрлері Санат:Ресей қазақтары Санат:Қазақстан президентінің көмекшілері