Күрдістан () – Күрдтер мекендеген таулы өлке. Күрдістан Ирак, Иран, Түркия және Сирияны қамтиды. Оны алғаш рет күрд мекені ретінде Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» кітабында танып, әлем картасында «әрзул әкрад» деп атаған. Араб тілінде «әрзул әкрад» «Күрдтер елі» дегенді білдіреді. «Күрдістан» сөзі алғаш рет Селжүктер дәуірінде Санжар сұлтан Күрдістан деп аталатын провинцияны Селжүк империясының құрамына кіргізген кезде қолданылған.

Дереккөздер

Санат:Күрдістан Санат:Батыс Азия