thumb|Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев Бөлекпаев Аманжол Қуанышұлы (1941 Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы – 2013) — Ақмола қалалықлық әкімшілігінің басшысы (1992 жылдан). Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1981). 1958 — 60 жылдары Рождественский автобазасында, Мемлекеттік банктің облыстық бөлімшесінде жүргізуші болған. 1960 — 64 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1964 жылдан жүргізуші, колонна бастығы, таксомотор паркінің аға инженері, автокөлік өндірісінің бастығы, 1983 — 87 жылдары Целиноград қаласы Совет ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Автокөлік басқармасының бастығы, 1987 — 92 жылдары Целиноград қалалық атқару комитетінің төрағасы, қалалық Халық депутаттары Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1990 — 92 жылдары ҚР Халық депутаты болды.
Қыпшақ руының Күрлеуіт бөлімінен шыққан.https://www.facebook.com/photo/?fbid=2958974387506677&set=pcb.2958980227506093
Әскери атағы - запастағы полковник.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы мықты демократиялық мемлекет».
Хоббиі - шахмат, бильярд, аңға шығу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.
Үйленген. Жұбайы - Нұрмұхаметова Жауһар Құныпияқызы, зейнеткер. Қызы - Бөлекпаева Гүлнар Аманжолқызы (1964 жылы туған); ұлы - Бөлекпаев Марат Аманжолұлы (1971 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Целиноград ауданында туғандар Санат:26 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:2013 жылы қайтыс болғандар Санат:Астанада қайтыс болғандар Санат:Астана әкімдері Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары