Суба — Кенияның оңтүстік-батысындағы Ньянза провинциясының (Ньяца) таулы үстіртінің территориясын мекендейтін банту халқы. Халқы шамамен 180 мың адам.Суба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1642373

Тілі Субаның ана тілі -икисуба тілі. Бірақ тіліне жақын маңдағы луо халқы қатты әсер етті, бұл материкте тұратын субалардың үлкен бөлігі арасында тілдік ауысым болды. Соның салдарынан олардың тілі жойылып бара жатқан тіл ретінде Қызыл кітапқа енгізілген.СУБА - это... https://sinonim.org/t/%D0%A1%D1%83%D0%B1%D0%B0

Діні Сенушілердің діни наным-сенімдері: католиктер, кей бөлігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады.Словари СУБА https://slovaronline.com/browse/d66da91d-6739-3353-9fc1-685998b70961/%D1%81%D1%83%D0%B1%D0%B0

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, ямс, құмай, жержаңғақ, көкөністер), мал шаруашылығы (ұзын мүйізді ірі қара, қой мен ешкі өсіру). Қолөнерден - ұсталық (металл өңдеу, құрал-сайман, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасау), қыш ыдыс жасау, ағаш ою дамыған. Ер адамдардың бір бөлігі кофе плантацияларында, тау-кен өнеркәсібінде және қалалық шаруашылықтарда маусымдық жұмыстарда істейді.Народы и культуры Суба https://travel-journal.ru/ethno/45/1273/

Өмір салты Бірнеше үй шаруашылықтары үлкен отбасылық қауымдастық – елді мекеннің негізін құрайды. Неке патрилокальды, көп әйел алу жиі кездеседі. Моногамия - кейбір христиандар арасында неке нормасы.

Дәстүрлі елді мекендері егістік жер учаскелерімен қиылысып шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері жоспары төртбұрышты, қабырғалары сырықтардың қаңқасын құрайды, шатырмен жабылған. Шаруашылықтары биіктеу жерде құрылған. Оның құрамына астық қоймалары, мал қора (краал) және басқа да шаруашылық құрылыстары бар.

Субаның дәстүрлі киімдері сақталмаған.

Кәдімгі тағам түрлі ботқалардан, дәнді немесе көкөністерден жасалған бұқтырылған тағамдардан, тары ұнынан, бәліштерден және ашытылған сүт өнімдерінен тұрады.

Бай би және музыкалық шығармашылығы бар. Музыкалық аспаптары алуан түрлі: барабандар, ксилофондар, флейталар, сылдырмақтар, т.б.народы мира / Суба http://www.etnolog.ru/people.php?id=SUBA

Дереккөздер

Санат:Кения халықтары Санат:Танзания халықтары