Бурбах Давид Вильгельмович (1926, Романов селосы — 1984, Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылы) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы. Социалистік Еңбек Ері (1981).
Еңбек жолын Семенов ауданы өнеркәсіптік комбинатында есепші болып бастаған. Ақмола облысы Калинин ұжымшарында есепші (1944 — 46), МТФ меңгерушісі, осы ұжымшар төрағасының орынбасары (1947 — 55), Ленин жолы ұжымшарының төрағасы (1955 — 61) қызметтерін атқарған. 1961 жылдан Краснояр кеңшарының төрағасы болды.
КСРО орден, медальдарымен марапатталған.
Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1926 жылы туғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Целиноград ауданында қайтыс болғандар