Родников ауданы — 1938-1957 жылдары болған Қазақ КСР Ақтөбе облысының әкімшілік бірлігі. Орталығы - Родниковский ауылы.

Тарихы Родников ауданы 1938 жылы құрылды.

1951 жылғы мәліметтер бойынша аудан құрамында 7 ауылдық кеңес болған: Ақшат, Георгиев, Қараүңгір, Қызылту, Петропавл, Родников және Терісбұтақ.

1951 жылы Ақтөбе қалалық кеңесінен Пригородный, Благодарный ауылдық кеңестері берілді.

1954 жылы Ақшат ауылдық кеңесі Петропавл ауылдық кеңесіне қосылды.

1957 жылы 26 қыркүйекте Родников ауданы таратылып, Қараүңгір, Қызылту, Петропавл, Родников, Терісбұтақ ауылдық кеңестері Степной ауданына, Георгиев, Пригородный ауылдық кеңестері Мәртөк ауданына және Благодарный ауылдық кеңесі Новороссия ауданына берілді.Ведомости Верховного Совета СССР. № 23 (890), 1957 г.

Халқы 1939 жылғы халық санағы бойынша Родников ауданында 8615 адам тұрды, оның ішінде қазақтар – 38,2%, украиндар – 36,4%, орыстар – 20,5%.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары