Әулие-Ата халықаралық әуежайы — Тараз қаласының халықаралық әуежайы. Қала орталығынан 8,5 км қашықтықта орналасқан.

Тарихы Әуежай 1945–1946 жылдары қазіргі орналасқан орнына көшірілді. 1962 жылға дейін ұшу-қону жолағы топырақ болды. 1962 жылы алғашқы жасанды ұшу-қону жолағы салынды, соңғы рет 1989 жылы жөндеуден өтті.

1974 жылы әуежай терминалы салынды, сыйымдылығы – сағатына 200 жолаушы. Кеңес дәуірінде Тараздан Мәскеу, Сочи, Минералды Сулар және республиканың көптеген қалаларына рейстер орындалды. 1990 жылдары әуежай жұмысы төмендеді, бірақ 2000-жылдары қалпына келтіру жұмыстары басталды.

2013 жылдан бастап «SCAT» авиакомпаниясы әуежайды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, жаңа терминал мен инфрақұрылым салды.

Ұшу-қону жолағы 2013 жылы қайта құрылған ҰҚЖ 3500 метр ұзындықта, 60 метр енімен салынды. Қабылдау мүмкіндігі — Boeing 747, Airbus A380 секілді заманауи ұшақтар.

Авиакомпаниялар және бағыттар Тұрақты рейстерді орындайтын әуекомпаниялар: Әуекомпания Бағыт SCAT Алматы, Астана

Жолаушылар ағыны 2015 — 45 007 жолаушы 2016 — 55 172 жолаушы

Инвестиция және даму Жаңа жолаушылар терминалының аумағы — 5 500 м², сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. 7 млрд теңге бюджетпен жаңа ҰҚЖ, такси жолдары, перрон, жүк терминалы және жанар-жағармай кешендері салынды.

Әскери ұшақ түрлері Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-124 Ил-76, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және т.б. 3-4 сыныпты ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Аэродромда бұрын 157-ші тікұшақ полкі (Ми-8 және Ми-26) орналасқан болатын.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Тараз