(16) Психея — Негізгі белдеудегі металды астероидтардың (спектрдің M түрі) ішіндегі ең үлкені. Массасы бойынша барлық астероидтардың ішінде 10-орында тұр.

Оны 1852 жылы 17 наурызда Аннибале де Гаспарис Италиядағы Каподимонте обсерваториясында ашты.

Астероид ежелгі грек мифтерінен белгілі болған Жан құдайы есімімен аталды. Ал астероид таңбасы ретінде көбелек қанаты үстінен жанған жұлдызша сұлбасы таңдалған, себебі гректер жанды көбелек бейнесімен жиі салған.

Бастапқы теорияларға сәйкес (16) Психея планетезимальдың ядросы болып келеді. Аспан денесінің басқа қабаттары бірнеше дәуір бұрын болған соқтығысу нәтижесінде ғайып болды-мыс.

Зерттелуі 2023 жылдың 13 қазанында НАСА астероидқа өз миссиясын ұшырды. Жоспар бойынша, Psyche ғарыш кемесі астероидқа 2029 жылы жақындайды және оны орбитадан зерттей бастайды.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Жақыннан зерттелген астероидтар мен кометалар тізімі Санат:Астероидтар