оңға|нобай|250x250 нүкте| Балқаш моноқаласындағы Балқаш кен-металлургиялық комбинатының көрінісі Моноқалалардың тізбесіне Қазақстандағы 89 қаланың 26-сы кіреді. Олардың халық саны 2017 жылғы деректер бойынша 1 447,5 млн адамды немесе елдегі қала халқының 8,0%-ын құрады, оның ішінде 15 моноқала аудан орталығы болып табылады. Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің басым бөлігі шоғырланған.Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Әлеуметтік мәселелері Қазақ КСР-нің әміршіл-әкімшіл экономикасы жағдайында моноқалалардың басты артықшылығы республиканың қарқынды өсіп келе жатқан халқын толықтай дерлік жұмыспен қамтамасыз ете алуында болды. Алайда еркін нарық шеңберінде бұл сұраныс пен ұсыныстың тұрақты ауытқуына, сондай-ақ КСРО ыдырағаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық байланыстардың ыдырауына байланысты мүмкін болмай қалды. Соның салдарынан қазақстандық қалалар жұмыссыздыққа ұшырап, халықтың республиканың ірі қалаларына немесе шетелге жаппай қоныс аударуынан зардап шекті. Кеден Одағы ішіндегі кейбір үзілген байланыстарды қалпына келтіру кейбір қалалардың экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жандануына көмектесуі мүмкін.

Қазіргі жағдайы Дегенмен барлық моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірдей емес. Шартты түрде оларды үш топқа бөлуге болады:

Қала құраушы кәсіпорындары бар (салыстырмалы түрде гүлденген 18 моноқала): Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск. Ішінара жұмыс істеп тұрған қала құраушы кәсіпорындары бар (5 азырақ гүлденген моноқала): Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Саран, Степногорск. Жұмыс істемейтін қала құраушы кәсіпорындары бар (3 жағдайы нашар моноқала): Кентау, Серебрянск, Текелі.

Мамандануы Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі: Степногорск, Хромтау, Текелі, Алтай, Курчатов, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск, Абай, Арқалық, Жітіқара, Лисаковск, Рудный, Ақсу, Екібастұз, Кентау Тау-кен өндіру өнеркәсібі: Ақсай, Жаңаөзен Өңдеу өнеркәсібі: Құлсары Экономикалық мамандануы жоқ: Серебрянск

Қала құраушы кәсіпорындар +№ОблысМоноқалаХалық саны (адам)Қала құраушы кәсіпорындары1АбайКурчатов10 457«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» ЖШС ШЖҚ РМК2АқмолаСтепногорск49 589«Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС

«Қазақалтын тау-кен металлургия комбинаты» АҚ

«ЕПК Степногорск» АҚ (Степногорск подшипник зауыты)3АқтөбеХромтау29 982"Казхром" "ТҰҚ" АҚ филиалы - «Дөң тау-кен байыту комбинаты»4АтырауҚұлсары65 964«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ5Батыс ҚазақстанАқсай36 352«КарачаганакПетролиумОперейтинг Б. В.»6ЖамбылЖаңатас25 583«ЕвроХим-Каратау» ЖШС

«ЕвроХим-Удобрения» ЖШСҚаратау28 490«TalasInvestmentCompany» ЖШС7ЖетісуТекелі30 317«Текелі қайта өңдеу кешені» ЖШС

«Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ8ҚарағандыБалқаш73 739«Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауыты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Балқаш байыту фабрикасы

«Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш жылуэлектрорталығы

«Kazakhmys Distribution» ЖШС «Энергия желілері» Балқаш аймақтық кәсіпорныСаран34 636«Kazcentrelectroprovod» ЖШС

Күзембаев атындағы шахта

«Саран» шахтасыТеміртау171 890«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қарағанды металлургия комбинаты

«Теміртау электрометаллургия комбинаты» АҚШахтинск39 1854 көмір шахтасы

«Құрылысмет» ЖШСАбай28 560«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Абай» шахтасы9ҚостанайАрқалық28 907«Алюминий Казахстана» АҚ филиалы - Торғай боксит кеніш басқармасыЖітіқара35 298«Костанайские минералы» АҚ Жітіқара асбест тау-кен байыту комбинаты

«Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШСЛисаковск31 178«Алюминий Казахстана» АҚ филиалы - Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Өркен» ЖШС Лисаков кен байыту комбинатыРудный112 027«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ10МаңғыстауЖаңаөзен74 357«Өзенмұнайгаз» АҚ

«Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ11ПавлодарАқсу51 614«Қазхром Трансұлттық компания» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ Ақсу ГРЭС12ТүркістанКентау74 464«Кентау трансформатор зауыты» АҚ13ҰлытауЖезқазған89 079«Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауыты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ №1,2 Жезқазған байыту фабрикалары

«Kazakhmys Energy» ЖШС Жезқазған жылуэлектрорталығы

«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС «Балқашсервис» кәсіпорныҚаражал8 240«Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі

«Karazhal Operating» ЖШС

«Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚСәтбаев68 379«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ

№3 Жезқазған байыту фабрикасы «Kazakhmys Distribution» ЖШС Электр желілері кәсіпорны

«Kazakhmys Distribution» ЖШС Жылуэнергетика кәсіпорны

«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС «Жезқазғансервис» кәсіпорны

«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС Кен-шахта жабдығы зауыты14Шығыс ҚазақстанАлтай36 118«Қазмырыш» ЖШС «Алтай» байыту фабрикасыРиддер45 510«Қазмырыш» ЖШС Риддер байыту фабрикасыСеребрянск7 118«Бұқтырма СЭС» АҚ

«Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауыты» ЖШС

Дереккөздер

Санат:Қазақ КСР Санат:Қазақстан экономикасы Санат:Қазақстан қалалары