Фипа (вафипа) — Танзанияның оңтүстік-батысындағы және Замбия мен Малавидің шекаралас аймақтарындағы банту халқы.Большая Советская энциклопедия Вафипа https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/15088-vafipa/ Халқы муанга, пимбе (бапимбве), рунга, ванда және т.б.туыстас халықтарды қосқанда Танзанияда – 340 мың, Замбияда – 275 мың, Малавиде 165 мың адам.
Тілі Тілі - кифипа тілі, банту тілдерінің шығыс тобына жатады.Большая Советская энциклопедия ВАФИПА https://rus-bse.slovaronline.com/12466-%D0%92%D0%B0%D1%84%D0%B8%D0%BF%D0%B0
Діні Фипаның көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, бірақ христиандар да бар.Фипа https://infoteach.ru/%D0%A4%D0%B8%D0%BF%D0%B0
Кәсібі Дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, маниок, жержаңғақ, бұршақ, асқабақ, тәтті картоп, жүгері, банан). Негізгі қолөнері ағаш ою (маска, жиһаз, т.б.). Қазіргі заманғы Фипалар кофе және банан плантацияларында ауылшаруашылық қызметін атқарады.Народы и культуры Фипа https://travel-journal.ru/ethno/48/346/
Тұрмыс салты Дәстүрлі қоғамдық ұйым: көсемдік, аталық рулық топтар. Отбасы шағын, неке патрилокальды.
Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек, балшықпен сыланған бұтақтардан жасалған, конустық төбесі бар.
Дәстүрлі тағамдары – бұқтырылған тағамдар, тары мен құмайдан жасалған ботқалар, ащы дәмдеуіштер қосылған бәліш, тамыр көкөністері (маниок, ямс, тәтті картоп) және банандарды қуырып, қайнатып жейді. Сыра пальмалар мен банандардың шырынынан жасалады. Өзен-көл аймақтарында балықты тұтынады.
Фипалар қара және ақ жолақтардан тұратын мата киді, дәстүрлі киім (белдік) тек жұмыс кезінде қолданылады.
Олардың әртүрлі музыкалық аспаптары бар (ішекті, үрмелі, ксилофондар, барабандар).народы мира / Фипа http://www.etnolog.ru/people.php?id=FIPA
Дереккөздер
Санат:Танзания халықтары Санат:Замбия халықтары Санат:Малави халықтары