Фор (фурави, конджара, каджаксе, фора) — Суданның оңтүстік-батысындағы халық (Орталық Дарфур провинциясы). Халқы 1,1 миллион адам. (2016 ж., бағалау). 30-дан 100 мыңға дейін адам Чадтың шығысында, 5 мыңға жуық адам Мысырда, 3 мың адам Орталық Африка Республикасында тұрады. Олар кунгар, тунджар, дажу топтарына бөлінеді.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4726048?ysclid=lob8ynadpm430178875

Тілі Тілі – конджара тілі, Шығыс және Орталық Судан тілдеріне жатады.Большая советская энциклопедия > ФОР http://www.bezmani.ru/spravka/bse/base/5/008392.htm

Діні Діні бойынша – сүнниттік мұсылмандар.Фор (народ) http://www.moscowmsk.ru/encyclopedia/275968.html

Тарихы Фур 16 ғасырда құрылған Дарфур сұлтандығының этникалық негізін құрады (1874 жылы Египет, 1916 жылы Ұлыбритания жаулап алды). Фурға судандық арабтар қатты әсер етті. народы мира / Фур http://www.etnolog.ru/people.php?id=FURS

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, күріш, бидай, дурра, бау-бақша дақылдары, мақта) және мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, түйе). Бұрын металл өңдеу дамыған. Көркемдік қолөнерден – ұсталық, керамика, тері өңдеу, зергерлік бұйымдар жасау, сүйек ою, төсеніш тоқу дамыған.Большая советская энциклопедия Фор https://gufo.me/dict/bse/%D0%A4%D0%BE%D1%80

Тұрмыс салты Матрилиндік рулық ұйымның қалдықтары сақталған.

Ықшам елді мекендер басым. Тұрғын үйлері төртбұрышты, қыш кірпіштен қаланған, төбесі жалпақ топырақмпен жабылған. Шаруашылық ғимараттары мен көкөніс бақшалары бар үйлер ағаш қоршаулармен қоршалған.

Ерлерге арналған дәстүрлі киімі кең және ұзын жеңіл жейделер мен шалбарлар, әйелдер үшін - түрлі-түсті немесе қою түсті көйлектер, беті шәлімен жабылған.

Дәстүрлі тағамы - бидайдан жасалған тағамдар, бұрыш пен пияз қосылған күріш, көкөністер мен сүт өнімдері жиі кездеседі.

Дереккөздер

Санат:Судан халықтары Санат:Чад халықтары Санат:Мысыр халықтары Санат:Орталық Африка Республикасы халықтары