Сальвадорлықтар () — Сальвадордың негізгі халқы. Халық саны 5,1 млн., оның ішінде Сальвадорда 4,9 млн. адам. Олар АҚШ пен Орталық Америка елдерінде де тұрады.

Тілі Сальвадорлықтар испан тілінде сөйлейді.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер.

Тарихы Сальвадорлықтардың қалыптасуы XVI—XIX ғасырларда испандық қоныстанушылар мен үнділердің (пипил, ленка, майя) араласуы негізінде жүзеге асты. 1841 жылы Сальвадор тәуелсіз мемлекет болды, ол сальвадорлықтардың бірігуіне ықпал етті.

Кәсібі Негізгі кәсібі — ауыл шаруашылығы, негізгі экспорттық дақыл – кофе, жүгері, құмай, бұршақ және т.б. Мал шаруашылығы (ірі қара, шошқа) дамыған. Дәстүрлі қолөнерге пальма жапырағынан, абакадан тоқыма тоқу, қалпақ және басқа да бұйымдар жасау, керамика жасау жатады.

Дереккөздер

Санат:Сальвадор халықтары