Энхбаяр Намбарын (1.6. 1958 жылы туған, Моңғолия, Ұлан-Батыр қаласы) — саяси қайраткер, Моңғолия президенті.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Өмірбаяны Мәскеу әдебиет институтын бітіргеннен кейін 1980 – 90 жылдары аудармашы болып істеген. Моңғолияда коммунистер биліктен кеткеннен кейін саясатпен айналысып, Халықтық Хуралдың мүшесі (1992), Моңғолияның мәдениет министрі (1992 – 96) болды. Оппозиция көсемі ретінде 2000 жылы жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жетіп, Моңғолияның Премьер-министрі (2000 – 04), Моңғол Халықтық Революциялық партиясы атынан парламент спикері (2004 – 05) қызметтерін атқарды. 2005 жылы 22 маусымда өткен жалпыхалықтық сайлаудың екінші турында Намбарын Энхбаяр 53,4% дауыспен Моңғолияның президенті болып сайланды. Орыс классиктерінің шығармаларын моңғол тіліне аударған ол ағылшын, тибет және бірнеше шет тілдерін жетік меңгерген. Энхбаяр Намбарын елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қалыптастыру және Моңғолияның тарихи-мәдени мұраларын жаңғырту бағытында мақсатты түрде жұмыс істеуде. Моңғолия президенті ретінде ол бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты.

Сілтемелер Баспахана Революция Демократия Халық Қазақстан

Дереккөздер

Санат:Моңғолия президенттері