Фридрих Кристиан Антон Ланг (; 5 желтоқсан 1890, Вена, Аустрия-Мажарстан — 2 тамыз, 1976, Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ} — аустро-германиялық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. 1934 жылдан бастап АҚШ-та тұрып, жұмыс істеді.Obituary Variety, August 4, 1976, p. 63. Неміс экспрессионизмінің ең ұлы өкілдерінің бірі Ланг дыбыссыз кино тарихындағы ең жоғары бюджетті фильмді («Метрополис», 1927) түсіріп, америкалық нуар эстетикасының негізін қалады («М», 1931). Ол сондай-ақ «суперқылмыскер» Мабузе туралы фильмдерімен де танымал (бұл трилогияның барлық бөлімінің режиссері).
Британ кино институты (BFI) оны «Түнек шебері» («Master of Darkness») деп атаған. Ол барлық заманның ең ықпалды киногерлерінің бірі ретінде танылған.
Дереккөздер
Санат:Сатурн сыйлығының иегерлері