Брайан Де Пальма (; 11 қыркүйек, 1940, Ньюарк, Нью-Джерси, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Кино әлемінде 50 жылдан астам уақыт еңбек еткен ол көбіне саспенс, криминал және психологиялық триллер жанрларындағы туындыларымен танымал. Де Пальма «Жаңа Голливуд» буынының жетекші өкілдерінің бірі болды.Murray, Noel & Tobias, Scott (March 10, 2011). "Brian De Palma | Film | Primer". The A.V. Club. Retrieved February 3, 2012.

Оған жас режиссер ретінде алғашқы танымалдылықты Стивен Кингтің аттас романы бойынша түсірілген «Кэрри» (1976) фильмі әкелді. Ол «Өлтіру үшін киіну» (1980), «Қол тигізбейтіндер» (1987) және «Орындалмас миссия» (1996) фильмдерімен коммерциялық табысқа жетті. Сондай-ақ, «Сәлемдемелер» (1968), «Сәлем, анашым!» (1970), «Апалы-сиңлілер» (1972), «Жұмақ елесі» (1974), «Қаһар» (1978) және «Тыртық бет» (1983) сияқты культтік классикаға айналған туындыларды дүниеге әкелді.

Оның шығармашылығы зорлық-зомбылық пен сексуалдық мазмұнның көптігі үшін жиі сынға ұшыраса да, Роджер Эберт пен Полин Кейл сияқты америкалық киносыншылар оны жоғары бағалап, қорғап келді.Kael, Pauline (July 27, 1981). "Blow Out: Portrait of the Artist as a Young Gadgeteer". The New Yorker. Retrieved February 3, 2012.Ebert, Roger (November 6, 2002). "Femme Fatale (2002)". Chicago Sun-Times. Retrieved January 14, 2012. 2015 жылы оның өмірі мен шығармашылығы туралы Ноа Баумбах түсірген деректі фильм жарық көріп, көрермендер мен мамандар тарапынан жылы қабылданды.

Фильмография

Дереккөздер

Санат:Колумбия университеті түлектері