нобай|Басына күннен қорғайтын көзәйнегі тағылған мысық. Мысықтардың фото және бейнесуреттері — ғаламтордағы ең көп таралған контент түрі. ThoughtCatalog американдық вебсайты мысықтарды ғаламтордың бейресми маскоты деп атады.

Бұл тақырып әртүрлі ғалымдар мен зерттеушілердің назарын аудартты. Олар мысықтардың неліктен осындай мәртебеге ие болғанын талдады. Бұл маңызсыз көрінгенімен, мысықтар туралы ғаламтордағы контент адамдардың БАҚ және мәдениетпен қарым-қатынасына ықпал етеді. Кейбіреулердің ойынша, тіпті осындай, бәлкім қарапайым тақырыптың астарлы маңыздылығы бар. Мәселен, ғаламтордағы көретін мысықтар суреттердің жалпы үй жануарларының адам психологиясына оң әсеріндей ықпалы бар, деп санайды.

Күмәнді зерттеулер көрсеткендей, мысықтар туралы онлайн медианы қарау жағымды эмоциялармен байланысты және бұл, тіпті кейбір пайдаланушылар үшін цифрлық терапияның немесе стрессті жеңілдетудің бір түрі ретінде жұмыс істейді. Оған қоса, осы деректерге сүйенсек, адамдар прокрастинация үшін мысықтар жайлы ақпарат қараса, өздерін аз кінәлайды.

Психология нобай|Уикипедия бетіне үңілген мысық. 2015 жылы жарияланған зерттеуге сүйнсек, қатысушылар мысықтар бар бейнежазбаларды көргеннен кейін өздерін бақыттырақ сезінеді.

Сауалнама жүргізген зерттеуші былай деп түсіндірді: «Егер біз интернеттің бізге жеке адамдар мен қоғам ретінде әсерін жақсырақ түсінгіміз келсе, зерттеушілер енді интернет мысықтарын елемей алмайды» және «мысықтарға қатысты онлайн медианы тұтыну империкалық үлкен назар аударуға тұрарлық». Хаффингтон Посты видеоларды көру прокрастинацияға жатады! деп баяндайды, олардың көпшілігі жұмыс кезінде немесе оқу кезінде қаралады. АЙЮ Блумингтон: "[бұл] жай ғана көңіл көтеруден басқа көп нәрсе жасайды; бұл көрермендердің энергиясы мен позитивті эмоцияларын арттырады және жағымсыз сезімдерді азайтады", - деп түсіндірді. Бизнес-инсайдер «бұл жалпы жануарлардың адамдарға тигізетін әсеріне қатысты бірқатар зерттеулерге сәйкес келеді». Джессика Галле Майриктің 2015 жылғы зерттеуі адамдардың мысықтарға қатысты контентті жариялау ықтималдығы селфи жариялау екі есе жоғары екенін көрсетті.

Мысықтар тарих бойы сиқырмен байланыстырылған, әр түрлі этно-топтар мен мәдениеттер мысықтарды дәйептеді, мысалы, ежелгі мысырлықтар мысықтарға құдай ретінде табынған, ал Жапонияда жын ретінде қарастырып, олардан қорқатын. Vogue журналы мысықтардың белгілігін жергілікті мәдениет ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мәселен, мысықтар Батыс Еуропалық, Американдық және Жапон ғаламторында танымал, ал өзге елдердің қолданушылары арасында мысық орнын басқа жануарлар алады. Мысалы, Угандалықтар үшін бұл тауық пен ешкі, мексикалықтар үшін ламалар, ал қытай тұрғындары өзен шаяны мен шөп-балшық жылқылар (альпака) суреттерін бөліседі. Қытай жануарлардың көп тарауының себебі үкімет цензурасынан өтетін екі ұшты мағынасында.

Дереккөздер

Санат:Интернет-мәдениет Санат:Мысықтар